№ 62-63 сабақ. Тақырып. Геометриялық пішін ою

0
1078

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Геометриялық фигуралар жайлы түсінігін арттыру , фигуралар құрастыру және ой өрісін дамыту, ойлай және құрастыруға дағдыландыру және адамгершілікке баулу

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: Геометриялық фигуралар, сызғыш, қарындаш, сызба оюлар.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу. Оқу -құралдарын реттеу. Қауіпсіздік ережелерін ескерту.

Жаңа сабақ мақсатын қою: Оқушының ой-өрісін дамыту.

Жаңа сабақ: ( Оқулықпен жұмыс) Математика пәнінен өткен геометриялық фигураларды еске түсіру, көрнекіліктерді пайдалану. (үшбұрышты, шаршы, төртбұрышты)

Қазіргі заман талабына сай геометриялық пішін, ою түрлерін әрбір затқа тиімді пайдалану.

Пысықтау: Кітаппен жұмыс: дұрыс оқу, суретін зерттеу, пішінін үлгімен қиып алу ,ою өрнек жапсыру, геометриялық фигураларды пайдаланып заттар құрастыру.

Қорыту: Көркем бұйымдардың қандай түрлерін білесің? Балалар, біз бүгінгі сабақта не жасадық? Неге үйрендік? Саған ұнады ма? Адамгершілік деген не деп ойлайсың?

Сабақты қорытындылау:

Бағалау : Жеке оқушыларға қосымша тапсырма беру, өздігінен әшекейлеу

Үйге тапсырма беру : Бірнеше пішіндер қиып келу.