№6 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ағаш желімдерінің түрлері. Бұйымдарды желімдеу.

0
837
английский

Сабақтың мақсаты: – Білімділік: Ағаш бөлшектерін шегемен, бұрама шегемен және желіммен бектіу туралы түсінік беру;

– Дамытушылық: Ағаш бөлшектерін құрастырып –бекітуде шегелеу ептіліктерін ұқыптылықтарын дамыту;
– Тәрбиелік: Қауіпсіздік ережесін нақты сақтау, жауапкершілікке баулу, эстетикалық талғамдарын жетілдіру.
Сабақтың түрі: аралас Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, пратикалық
Көрнекілік құралдары: сызба суреттер, үлестірме карта, ағаш, топса, желім, шеге түрлері.
Сабақтың барысы:
І. Сабақты ұйымдастыру:
– оқушылармен амандасу;
– оқушыларды түгелдеу, кластың дайындығын тексеру;
– оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Ағаш материалдарын механикалық тәсілмен өңдеу кезіндегі
техникалық қауіпсіздік ережелері.
2. Ағаш өңдейтін токарь станогының құрылысы.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Тақырыпты ашу. 1. Әр топқа берілген тапсырмалар бойынша мәтіннің
мағынасын ашу үшін 5-7 минут уақыт беріледі.
2. Топтық жұмыс барысында жалпы топ шешімін
қабылдау үшін 2 минут уақыт беріледі.
3. Авторлық баяндауда топтан 1 оқушы шығып, мәтін
мағынасын ашады (топ тарапынан толықтырулар
енгізуге болады).

І. Ағаш бөлшектерін шегемен құрастырып-бекіту

Ағаш бөлшектер мен тетіктерді шегемен құрастырып-бекіту жеке тәсіл түрінде де, кедір-бұдырлы, кертікті-тиекті тәсілдер мен желім арқылы құрастырып-бекіту түрінде де қолданыла береді.
Ағаш бұйымдарды құрастыру кезінде шегелер және желім жалпы құрылысытық және дербес мақсаттағы материал ретінде пайдаланылады.
Шегелердің қалпақшалары жалпақ, конус тәрізді, жартылай дөңгелек және белгілі бір пішінге келтірілген сәнді болып келеді.
Ағаш ұсталығында неғұрлым кеңінен қолданылатыны – ұзындығы 8-ден 50 м-ге дейін жететін, қалпақшасы жалпақ келетін жалпы құрылысытық мақсаттағы шегелер. Олардың үй салғанда қолданылатын дөңгелек қималы түрінің ұзындығы 20-40 мм, диаметрі 2-3 мм болады. Ал жәшіктерді, ыдыстарды құрсатырғанда қағылатын шегелердің ұзындығы 25-80 мм-ге дейін жетеді, диаметрі 1,6-3,0 мм; олардың шеткі және белдемше құрсау тақталарын қағуға арналған шегелердің ұзындығы 8-25 мм, диаметрі 1,6-2,0 мм болады.
Бөлшектерді шегемен құрастырып-бекіту кезінде белгілі ереже талаптары мұқият орындалуы керек.
Элементтерді қабат-қабатымен және шет жиектерімен құрастырып-бекіту кезінде шегелер ағаш материалын қақ айырып кететіндей немесе жарықша түсіретіндей болмауы қажет.
Бөлшектерді құрастырып-бекітетін шегелердің орналасуы мен олардың жалпы саны бұйымды құрастырып-бекітудің мейлінше жоғары тиімділігін қамтамасыз етуі қажет. Бұл ретте шегелердің бөлшектерді құрастырып-бекітуге тигізетін әсері қоса есептеледі. Мысалы, шеткі бұрыштарды құрастырып-бекіту үшін бір-бірінен бөлшектеп, кем дегенде үш шегені қағу қажет. Ал орталық бұрыштарды қысу күшінің әсерімен ұстап тұрып, екі шеге қағудың өзі де жеткілікті болады.
Әрқашан есте болатын бір нәрсе – ылғал ағашқа қарағанда, кепкен ағаштың қақ айырылып кету қаупі күшті болады. Сондықтан кепкен, құрғақ ағаштармен жұмыс істеген кезде оларды шеге қағылардан бұрын суға батырып, дымқылдандырып алған жөн.
Бұйымның эстетикалық сапасының жақсы болуы үшін шегенің қалпақшасы көрінбей етіп қағады.

2.Ағаш бөлшектерін бұрама шегемен құрастырып-бекіту

Бұрама шеге дегеніміз конус тәріздес металл діңгектер. Олардың бір қырынан қарағанда үшбұрышты ойық бұрандалары және жалпақ бұрауышқа арналған бір ғана кесік ойықты немесе крест бұрауышқа арналған крест ойықты қалпақшасы болады. Мұндай шегелер ағаштан жасалған құрылғы бөлшектерді құрастырып-бекітуге қолданылады.
Біздің өнеркәсібіміз ұзындығы 6 мм-ден 120 мм-ге дейін, диаметрі 1,5 мм-ден 10-мм-ге дейін жететін бұрама шегелер жасап шығарады. Олардың ойық бұрандалы бөлігінің ұзындығы діңгегінің 0,5-0,6 бөлігіне тең болады.
Бөлшектерді бұрама шегемен құрастырып-бекітудің мықты болуы ағаштың тығыздығы мен қаттылығына, дымқылдығына, шегенің ұзындығы мен диаметріне, оның бұрандалы бөлігінің ұзындығына т.б. жағдайларға тікелей байланысты.

3. Ағаш бөлшектерін желімдеу.
Желіммен құрастырып-бекіту шабақты, кертікті, ойық-кертікті, шегемен бекіту сияқты тәсілдермен ұштастыра жүргізіледі, сондай-ақ жекелеген элементтерден, қабаттап жапсырылатын бөлшекетрден дайындалған ағаш материалдарын әзірлеу үшін қолданылады.
Бөлшектерді желімдеп құрастыру желімнің мөлдір, жұқа қабаты мен ағаштың үстіңгі беттерін жабыстырып тұратын күштің арқасында мүмкін болады.
Ағаш материалы өзінің беттескен қабатында қатайып кепкен желімнің ұсақ бөлшектерін қысып ұстайды, ал желімнің ұсақ бөлшектері ағаштың саңлауларына еніп, ұшы-қиыры жоқ, сансыз талшықтары арқылы екі үстіңгі қабатты бір-бірімен жабыстырады.
Желіммен жабыстыру арқылы құрастырып-бекітудің бірнеше түрі бар. Желімдеп, жапсырудың мықтылығын тексерудің өндірісте қолданылатын тәсілі осы принципке негізделген. Ол үшін бір-бірімен желімдер, жапсырылған екі бөлшектен жасалған үлгі бұйымды қақ айырып көреді. Егер бұйым желімдеп, жапсырылған жігінен жарылмай, ағаштың тұтас жерінен жарылса, онда желімдеу сапасының жоғары болғаны.

4. Желімдеу түрлері.
Жасалуы жағынан мал өнімдерінен әзірленетін желімдер және синтетикалық желімдер деп бөлінеді. Ағаш бөлшектерді өңдеуге мал өнімдерінен жасалатын ағаш желімі немесе мал сүйегінен жасалған мөлдір желім, казеин желімі қолданылады.
Мал терісінің шелінен де желім жасалады. Ол – шел желім. Ал малдың кепкен, майсыз сүйегінен, мүйізі мен тұяғынан сүйек желімін жасауға болады. Шелден жасалған желіммен ылғал тимейтін бөлшектерді ғана желімдеу керек.
Желімдеу техникасы.
Желімдеу ісінің негізіне желімнің ағаш бөлшектерге сіңіп, таралу процесі жатады. Желім жіңішке жіп тәрізді талшықтарымен үстіңгі қабаттарды бір-бірімен берік байланыстырады.
Желімдеп құрастырудың беріктігі мен сапасы ағаш материалының дымқылдығы 12-15 пайыздан аспайтын кезде жоғары болады. 8-10 пайыз болған кезде өте жақсы, берік желімделеді. Өйткені, ол желімнің құрамындағы суды өз бойына таратып алады.

IV. Практикалық жұмыс.
1. Шырпы қорапшасы.
2. Топсалау жұмысы.
3. Сандықша жасау.
4. Желімдеу жұмысы

V. Бекіту.

VI. Бағалау

VII. Үй тапсырмасын хабарлау
Жасаған бұйымдарын толық аяқтап, безендіру