Трудовое обучение 6 класс на казахском

№8 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнектердің қолданылуы.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Білімділік: Қазақ халқының ою-өрнек түрлерімен таныстырып жасалу жолдарын үйрету.

Дамытушылық: Қол икемділігін дамыта отырып шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жұмысты өз бетінше орындауға үйрету өнер ерекшеліктерін танып білу арқылы эстетикалық талғам беру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, схема, өрнек үлгілері, суреттер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру
II. Жаңа сабаққа дайындық
Қолөнер бұйымдарын еске түсіру (сандық, домбыра, киіз, кілем, ұлттық киім, зергерлік бұйымдар т. б.)
III. Жаңа сабақ
1. Ою-өрнек сөзінің мағынасы, тарихы туралы түсінік
Біздің ата-бабамыз қолөнерімен айналысқан, сол өнерді жетілдіріп, ұрпағына мұра етіп қалдырып отырған. Барлық жасалған қолөнер заттарын табиғатпен байланыстырып ою-өрнектермен безендірген.
Ою-өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған, “Орнамент” деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөзден шыққан.
2. ою-өрнектің қолданылуы, топтары слайд арқылы көрсетіп түсіндіру
Әр өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: жұлдыз өрнегі-аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды. Ол көбіне кілемдерде жиі қолданылады.
Мүйіз тектес өрнектер-мүйізді бейнелейтін өрнек. Олар ұлттық киімдерде, киіз, алаша бұйымдарында кездеседі.
Геометриялық өрнектер және гүл өрнегі-ағаш бұйымдарында т. б. кездеседі.

3. Ұлттық қолөнер бұйымдарын жасап игеру үшін оюды өзіміз жасай білуіміз керек.
Оқушыларға тапсырма: өз бетінше қарапайым ою түрін ойып қағазға жапсыру.
Балалар әр бұйымның бетін өрнектегенде өрнектерді реттеп орналастыру керек
Ою-өрнек екі жағынан тең болу керек. Мысалы: қошқар мүйіз.
Бұйымға салынатын өрнек түстері бір-бірімен үйлесіп, жарасып түру керек. (слайд суреттер)
4. Қағазды үш бүктеп өрнек жасау тәсілдерін көрсету. (cхема)
5. Оқушыларға тапсырма: қағаздан өрнек қиып, жапсырмалау.
Техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

IY. Сабақты бекіту (кестемен жұмыс)
1. Ою-өрнек неше топқа бөлінеді?
2. Жұлдыз өрнегі қандай бұйымдарда қолданылады?
3. Ою-өрнекті рет-ретімен орналастыруды не деп атаймыз?
4. Көбіне қолданылатын өрнек?
Y. Сабақты қорыту
Оқушылардың жұмыстарын талдау.
YI. Үйге тапсырма. оюлар түрін ойып үйрену.

 

Ещё уроки серии

Все 33 урока
  1. №6 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ағаш желімдерінің түрлері. Бұйымдарды желімдеу.
  2. №7 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ағаш кептіру.(практика)
  3. №9 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Цилиндр формалы бөлшектерді сызба түрінде көрсету.
  4. №10 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Қашаумен өрнек ою.
  5. №11 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ағашты тесу. Құралдар. Ағашты тазалау.
  6. №12 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу.
  7. №13 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ойма (резьба) арқылы біріктіру. Ойма түрлері
  8. №14 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ішкі және сыртқы оймалар кес
  9. №15 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Металды кешенді өңдеу
  10. №16 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу.

Трудовое обучение в 6 классе

Все предметы 6 класса