№59. М. Төрежанов. Өз ізі

0
734
информатика

Мақсаты: 1.М.Төрежановтың «Өз ізі» әңгімесімен таныстыру, түсініп оқуға дағдыландыру.2. Мәнерлеп оқи білуге, тілін, сөздік қорларын дамыту .3.Адамгершілікке, зейінділікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: Арнайы суреттер, оқулық

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі . Сабаққа әзірлік

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: «Шырша жыры» өлеңін жатқа сұрау.Әуенімен орындату.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі :Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІҮ. Жаңа сабақ. 1.Жаңылтпашпен жұмыс.2. Сурет бойынша әңгімелету.Оқулықпен жұмыс.а/ «Өз ізі» мәтінін оқып, таныстыру. ә/ Сөздік жұмыс.3.Сергіту сәтін өткізу

ІҮ. Білімдерін тексеру: іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.ә/ Сұрақтарға жауап алу.

Мәтіндегі оқиға жылдың қай кезеңінде болған? Оны неден аңғардың? Қарға қатысты айтылған көркем сөзді дәптеріңе жазып ал.Соңғы сөйлемдегі тілекті қалай түсінесің?Бір-біріңе қандай жақсы тілек айтар едіңдер?б/ Тапсырмаларды орындау.

Ү. Қорыту. Бүгін не өттік?Жаңылтпаштарды жаңылмай айту.

ҮІ. Үйге тапсырма: 1.103-беттегі мәтінді түсініп оқу, мазмұндау.2. Бағалау