№ 57. Тақырыбы: Лепті сөйлем (240-244 жаттығулар.)

0
677
математика

Мақсаты: Лепті сөйлемдерді хабарлы,сұраулы сөйлемдермен салыстыру арқылы ұғындыру. Лепті сөйлем адамның көңіл-күйін,сезімін білдіретінін ,өзіне лайық айту мәнері бар екенін түсіндіру.Өлеңдер арқылы тілдерін дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: үлестірме қағаздар

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдісі : сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру, өзіндік.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 238- жаттығу. Оқыту, талдау.

ІІІ. Білімдерін тексеру. Сөйлем дегеніміз не?Хабарлы,сұраулы деп қандай сөйлемді айтамыз?Қорытындылау.Сергіту сәті

ІҮ .Мақсат қою кезеңі. Лепті сөйлем

Ү. Жаңа сабақ: Көркем жазу.Рр Рр Рр Радио. Көру диктанты. Оқулықпен жұмыс.240-жаттығу. Өлеңді рөлмен оқу. Көтеріңкі көңіл күймен айтылған сөйлемдерді табу. Одан соң қандай тыныс белгі қойылған? Өлеңдегі балақай қандай бала деп ойлайсыңдар? Оқулықтағы ережені хормен оқу

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 241-жаттығу. Хабарлы сөйлемді сұраулы, лепті сөйлемдерге айналдыр. (Сыныпта өнерлі оқушылар көп.- Сыныпта өнерлі оқушылар көп пе?)

242-жаттығу. Алақай, ура, жасасын сөздерін қатыстырып лепті сөйлемдерқұр, тыныс белгі қой. Сөздерге дыбыстық талдау жаса.

ҮІІ. Қорыту. С өйлемдерді салыстыр айырмашылығын дәлелде. Лепті сөйлем деп қандай сөйлемдерді айтамыз?

ҮІІІ. Үйден: 244-жаттығу,бағалау.