№ 55. Тақырыбы: Ұлттық зергерлік бұйымдар.

0
1338
метод печати

Мақсаты: Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері. Ұлттық зергерлік бұйымдар, оларды жасауға үйрету. Әшекейлей отырып, дұрыс жасау және өздігінен ойын жеткізе білуге дағдыландыру, еңбекке баулу.

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: Түрлі әшекей бұйымдар, сым темір, моншақ

Сабақ түрі : жаңа сабақ.Сөздік қормен жұмыс. Сәнді, шашбау, жүзік

Сабақ жоспары: Ұйымдастыру . Жаңа сабақ А) кіріспе. Б) мұғалімнің түсіндіруі, көмегі

Пысықтау, оқушы еңбегі . Қорыту

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру . Жаңа сабақ А) Кіріспе . Өткен сабақта ұлттық киімдер, әшекеймен таныстық. Бұл сабақта зергерлік бұйымдармен, олардың әшекейімен танысамыз. Б) мұғалімнің түсіндіруі. Наурыз мейрамында адамдар сәнді киініп, бір біріне қонаққа барады. Сәндік киімге ұлттық зергерлік бұйымдар, жарасып тұрады. Асыл тас, бағалы металдан жасалған тұмар, шашбау, сәндік бұйымдар, білезік, сырға, жүзік.

Пысықтау : Кітаппен жұмыс, түсініп, дұрыс оқу. Суретке зер салып, ондағы әшекей сәнді бұйымдардың қалай жасалғанын, оның қайсысы ұнағанын айт, ойлан.Үлгі бойынша сәнді бұйым дар құрастырп жасау. Оқушы еңбегі, оған көмек.

Қорыту: Бүгінгі сабақтан не білдік? Неге үйрендік? Ол неге керек? Сабақты қорытындылау, бағалау. Сәндік әшекей құрастыру

Үйге тапсырма беру: үйден аяқтау