Мақсаты: Сөйлем туралы түсінік қалыптастыру. Сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен айтып,жазуда соңына тыныс белгісін қоя білу дағдысын қалыптастыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кеспе қағаздар
Түрі : аралас
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өткенді қайталау.
ІІІ. Білімдерін тексеру: Мәтін дегеніміз не?Мәтіннің түрлері?Әңгіменің несі болады? Қорытындылау.Сергіту сәті.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сөйлем
Ү. Жаңа сабақ. 219-жаттығу Екі бағанды салыстыру.Қай бағандағы сөздер сөйлем емес. Неліктен? 220-жаттығу. Әр сөйлем не туралы айтылғанын табу, неліктен бас әріппен жазылған.Оқулықтағы ережені хормен оқу.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру. 221-жаттығу. Адасқан сөздер ойынын ойнату.
ҮІІ. Қорыту. 222-жаттығу Сөйлемдердің айтылу мақсатының әр түрлі екенін дәлелде. Бүгін біз не білдік?Сөйлем неден құралады?Сөйлем соңына қандай тыныс белгілер қойылады?
ҮІІІ Үйге тапсырма: 223-жаттығу «Суретшілер»,бағалау.