№51. Тақырыбы: Диктант Кекілік.

0
3660
информатика

Мақсаты: Диктант жаздыра отырып оқушы білімін тексеру.Сауатты , көркем жазуға баулу.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі : Диктанттар жинағы

Әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік

Түрі: бағалау

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық

ІІ. Мақсат қою кезеңі. Диктант. Кекілік

ІІІ. Білімдерін тексеру. Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?Сөйлем неден басталады?Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады? 2) Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді.

3)Ерекше сөздерді 3 рет қайталап оқиды.

Кекілік – тауық тұқымдасына жататын құс. Оның түсі көкшіл сұр болып келеді. Екі бүйірінде көлденеңінен тартылған қатар-қатар қара қоңыр жолақтары болады. Аяғы мен тұмсығы қызғылтым. Осы реңі оны тас арасынан жөнді байқатпайды. Олар барлық уақытта үйір-үйір болып жүреді. (37 сөз.)

Қандай мәтін түріне жатады.

«к,г» әріптерінің астын сыз.

ІҮ. Сабақты аяқтау. Бағалау.