№ 45. Тақырыбы: Мәтін. Мәтін деген не? (190-194 жаттығулар)

0
605

Мақсаты: Оқушыларға мәтін туралы жалпы түсінік беру. Мәтін деген не? Салыстыру, талдау.Сөз байлығын, сауаттылығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.Төзімді жанашыр болуға тәрбиелеу.

Көрнкілігі. Мәтіндер, суреттер.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену

Түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Мәтін деген не?

ІІІ. Жаңа сабақ: Кіріспе.Оқулықпен жұмыс.190 – жаттығу.бірінші, екінші бағандағы сөйлемдерді салыстыру.Талдау.Сұрақтарға жауап алу.Бірінші бағандағы сөйлем не туралы айтылған?Екінші бағандағы ше?Қандай айырмашылық бар?Қай бағандағы сөздердің орнын ауыстырып айтуға болмайды?Ережені оқу, талдау.

ІҮ.Түсінгендерін тексеру: 192-жаттығу.Мәтінді оқу. Бірнеше оқушыға оқыту.Мәтінге ат қою.Сұрақтарға жазбаша жауап беру.Бұғы сиырға ұқсас мал. Оның мүйізі бұтақша тармақталып өседі. Солтүстік бұғалары қарға батпай жүре алады. Бұғылар мүк пен қынаны жейді.

Ү. Бекіту. Суреттерге қарап мәтін құрастыру (193). Мәтін екенін дәлелде (194)

ҮІ. Үйге тапсырма: 193-жаттығу,бағалау.,