№ 40. Тақырыбы: Дауыссыз л мен р (163-167 жаттығулар.)

0
834
хакер

Мақсаты: Оқушыларға дауыссыз л мен р әріптерінің айтылуы мен жазылуы туралы түсінік беру. Жаттығулар орындай отырып, сауаттылыққа үйрету.Сөздік қорларын дамыту.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.

Көрнекілігі : плакат, үлестірмелер.

Түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Дауыссыз л мен р

ІІІ. Жаңа сабақ. Күн ретін жазу.Көркем жазу:Гг Гг Гг Гүл Үнді дауыссыздар л,м,н,ң,р,й (у).Оқулықпен жұмыс.163- жаттығу сөздерді көшіріп жазу.

Сөз басында л мен р дыбысының айтылуына назар аудару.Сөздердің мағынасын түсіндіру.Ережені хормен оқу.

ІҮ. Түсінгендерін тексеру: 164- жаттығу.Мақалды жатқа жазу, мағынасын түсіндіру.

Ү. Бекіту. Бүгін не өттік? 2 қатар жарысу, 1 қатар л дыбысына сөз ойлау , 2 қатар р дыбысына сөз ойлау. 165,166-жаттығу салыстыру, қорытынды жасау.

ҮІ. Үйге тапсырма: 167-жаттығу.Бағалау.