№ 29. Тақырыбы: Өткенді қайталау

0
704

Мақсаты: өсімдіктің өсу, қоректену, тыныс алу, жарық жылу, сумен қоректенетіні жайлы түсінігін тиянақтау;танымдық қабілеттерін дамыту; байқампаздыққа, зейінділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: өсімдіктер суреті салынған плакаттар

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, әңгімелеу, өзіндік.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі : Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру : Өсімдіктердің көбеюі. Тақырыпты оқыту. Сұрақтарға жауап алу. Мазмұнын сұрау.

ІІІ. Өткенді пысықтау. Көбею дегеніміз не? Көбеюдің тірі табиғатқа тән қасиет екенін дәлелде? Желмен ұшатын қандай өсімдік тұқымын білесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі Білімін тиянақтау

Ү. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.а/ сызба бойынша жұмыс, сөз құрастыру, өсімдіктің өсіп жетілуін зерттеу;

ә) өсімдіктің тірі ағза екенін дәлелдеу;

б) өсімдіктер мүшелерін атау.

в) күздегі өсімдіктерде байқалатын құбылыстар жайында айтып бер.

ҮІ. Білімдерін тексеру.

  1. Өсімдіктің тіршілігі үшін қандай жағдайлар қажет?

  2. Өсімдік мүшелері қандай қызмет атқарады?

  3. Қатесін тап:

  4. қыста – жапырақтар түседі;

күзде – өсімдіктер көктеп шығады;

көктемде – өсімдіктер пісіп жетіледі;

жазда – өсімдіктердің өсу мерзімі тоқтайды.

ҮІІ Қорыту. Өз жеріндегі өсімдіктерді қорғау үшін қандай шаралар жасар едің?

ҮІІІ Үйден: 54-78 бет оқу . Бағалау