№ 28. Тақырыбы: Өсімдіктің көбеюі (75-78 бет)

0
883
физика

Мақсаты: Тамырсабақ – түйнек, пяизшық арқылы көбею жайлы түсінік беру.Танымдық қабілеттерін дамыту.Байқампаздыққа, зейінділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: түрлі-түсі суреттер, картоп, пиязшық.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, әңгімелеу, өзіндік.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі : Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру : Өсімдіктердің көбеюі. Тақырыпты оқыту. Сұрақтарға жауап алу. Мазмұнын сұрау.

ІІІ. Өткенді пысықтау. Көбею дегеніміз не? Көбеюдің тірі табиғатқа тән қасиет екенін дәлелде? Желмен ұшатын қандай өсімдік тұқымын білесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі Тамырсабақ – түйнек, пиязшық арқылы көбеюі.

Ү. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.а/ Тамырсабақ – түйнек, пиязшық арқылы көбеюі жайлы түсінік беру.ә/ Картоп пен пиязшықты көрсете отырып, түйнек, пиязшық арқылы көбеюді түсіндіру.

ҮІ. Білімдерін тексеру. а/ Тақырыпты оқыту. Іштей оқу. Тізбектей оқу. Жеке-жеке оқу

б/ Сергіту сәті. в/ Тапсырмаларды орындау. Өсімдіктің көбею түрлері қандай? Тұқымнан көбеюін әңгімеле. Тамырсабақты сипатта, оның тамырға ұқсастығы мен айырмашылығын айт.Түйнек жайында сипаттама бер. Пиязшық дегеніміз не? Тамырсабақты неге жер астындағы өркен дейміз? Пиязшық пен түйнектің қандай айырмасы бар? Түйнек пен тамырсабақтың қандай айырмасы бар?

ҮІІ Қорыту. Бүгін не өттік?

ҮІІІ Үйден: 74 – 75 бет оқу . Бағалау