№25. Төрт түлік жайлы жырлар.

0
748
физика

Тақырыбы: Ботақан,Қошақан. Бұзауқан.

Мақсаты: Төрт түліктің төлдері Ботақан, Қошақан, Бұзауқан өлеңдері туралы түсінік беру. Шапшаң мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Тілін сөздік қорларын дамыту.Төрт түлікті күте білуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекілігі: төрт түлік сурету.

Түрі: аралас

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Қызғалдақ пен Қарасора. Оқу, әңгімелету.

ІІІ. Білімдерін тексеру.Осы мысал арқылы қандай жат қылықтарды сынайды?Қарасора не деп мақтанды?Қарсораның әрекеті дұрыс па?Қандай тыйым сөз білдік?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Кіріспе әңгіме төрт түлік туралы.

Ү. Жаңа сабақ. а/ автор туралы түсінік Сағи Жиенбаев. ә/ Ботақан өлеңді оқу, талдау, суретін көрсету.б/ Қошақан оқу, талдау.в/ Бұзауқан өлеңін оқып таныстыру.Оқулықпен жұмыс,іштей оқу,тізбектей оқу,қайталанып тұрған сөздерді табу,Қимыл-әрекетін білдірген сөзді табу.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: өлеңде қандай төлдер жырланған?Қылықтары туралы не дейді?Төлдерді қалай шақырады?

ҮІІ. Бекіту .Төрт түлік туралы мақал-мәтел.Төрт түлікті қалай күтеміз?Төрт түліктің пайдасы.Өлеңдегі сөздерді пайдаланып өлең құрастыру.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1.ұнаған өлеңді жаттау. Суреттерін салу. 2.бағалау.