Мақсаты: Менің сыйлығым тақырыбына шығарма жаздыра отырып, өз ойларын қорытып, жүйелі жаза білуге үйрету.Байланыстырып сөйлей білуге баулу.Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер.
Әдісі : түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік.
Сабақтың барысы :І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік.
Оқулықпен жұмыс: а) 86-жаттығу. Мәнерлеп оқу, Сыйға-сый дегенді қалай түсінесің?
Өздік жұмыс: 87-жаттығу, 88,89-жаттығу ауызша талдау, дәлелдеу.
ІІ. Шығармаға даярлық. а/ Сен жанұяңда қанша адам бар. Олар кімдер?Сен мерекелерде кімге сыйлық жасайсың? Сен анаңа көмектесесің бе?Сенің анаңа тағы қандай сыйлығың бар? (әңгімелеу)
Біздің жанұяда бес адам бар. Олар әкем, анам, ағам , інім және мен.
Біз мерекелерде бір-бірімізге сыйлық жасаймыз. Мен анамның туған күніне гүл сыйладым. Мен анама көмектесемін. Менің анама сыйлығым сабағымды жақсы оқу.
ІҮ. Қорыту. Бүгін не өттік?
Ү. Үйден: 90-жаттығу. Қайталау.