№21. Сабақтың тақырыбы: Қасқыр мен түлкі

0
815

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың ертегіні түсініп оқып,өз сөздерімен әңгімелей білуге,ондағы кейіпкерлерге баға беруге өзіндік пікір айтуға үйрету. 2. Сөздік қорын байыту,қиялын дамыту,дүниетанымын кеңейту. 3. Оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, жауапкершілікке баулу, аңдарды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілік: сурет,плакаттар

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ.Үй тапсырмасын сурау, тексеру.«Байлық пен ақыл» мазмұнын сұрау.Саған қай ұлдың жауабы ұнады, неліктен?Ақылды болсаң, бай боласың деген пікірге өз көзқарасыңды білдір.

ІІІ. Жаңа сабақ: Жұмбақ жасыру.

Белестен шапқан ат,

Бүкір келген желісті ат.

Бейғам елді іздейді,

Малдан күдір үзбейді, (Қасқыр)

Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,

Айбаты жан шыдамас үндері бар. (Түлкі)

ІҮ.Оқулықпен жұмыс: Ертегіні рөлге бөліп,мәнерлеп оқуды үйрету.

Ертегі бойынша берілген суретке зер салып «Қасқыр неге ақсап жүре алмай келеді деп ойлайсыңдар? Ертегідегі кейіпкерлерді сипаттап көріңдер»

Ү.Дәптермен жұмыс Ертегіге сүйеніп қасқыр мен түлкі арасында диалог құра.Ертегіден ақыл сөзді тауып,дәптеріңе жазып ал.

ҮІ.Сабақты қорыту . Ертегіден өзіңе қандай әсер алдың?

Үйге тапсырма беру .38-39 бет оқу, мазмұны