№2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық

0
925
литература

Мақсаты: Ы.Алтынсариннің Кел,балалар , оқылық өлеңінің мағынасын түсіндіру.Ой-өрісін, тілін, сөздік қорларын дамыту. Білімге, оқуға, өнерге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.ІІ .Мақсат қою кезеңі:сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ

а/ Ы.Алтынсарин туралы түсінік.Ы.Алтынсарин 1841-1889 Қостанай облысында туған. Ол – қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз. «Қазақ хрестоматиясы» деген оқулық жазды.

ә/ өлеңді мәнерлеп оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.б/ Дәптермен жұмыс

сөздік жұмыс жүргізу.

ІҮ. Түсінгендерін тексеру: Ыбырай атамыз қандай өсиет айтты?Өлеңнің бірінші шумағынан не түсіндіңдер?Оқудың пайдасы жөнінде не айтты?Тауып оқу

Ү. Қорыту: Өнер, білім туралы мақал-мәтелдер айту.

ҮІ. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.Бағалау.