№ 19 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Термодинамиканың бірінші заны. Газ бен будың ұлғаюындағы жұмысы.

0
833

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: МКТ тұрғысынан ішкі энергия ұғымын беру және газ бен будың ұлғайғандағы жұмысы ұғымын енгізу, жүйенің ішкі эиергиясы, жұмыс және жүйеге берілген жылу мөлшері арасындағы байланысты т ағайындау;

  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі :

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.

ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

Бакылау жұмысын талдау.

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:

МКТ тұрғысынан ішкі энергия ұғымын енгізу.

МКТ тұргысынан ішкі энергия-денені (жүйені) құрайтын микробөлшектердің қозғалыс және өзара әсерлесу энергиясы. Нақтырақ айтсақ, ішкі энергия дегеніміз:

а) молекулалар мен атомдардың қозгалысының ілгерілемелі, айналмалы және тербелмелі қозғалыстарының кинетикалық энергиясы;

б) молекулалар мен атомдардың өзара әсерлесуінің потенциальдық энергиясы;

в) атомдарды ң электрондық қабаттарының энергиясы;

г) ядроның ішкі энергиясы.

Аса жоғары емес температураларда ішкі энерг иясы н өзгеруі молекулалар (немесе атомдардың) кинетикалы қ және потенциальды қ энергияларының өзгеруі есебінен болады.

U -дененін ішкі энергиясы физикалық шама.

D U -дененің ішк і энергиясынын өзгеруі жылу берілу ж ә не жұмыс істеу н ә тижесінде жүзеге асатыны белгілі.

Газ бен будың ұлғайғандағы жұмысы.

Т ұ рақты қ ысымда газдың немесе будың көлемі өзгергенде жұмыс атқарылады, Жүйенің күй і н сипат т айтын физикалық шамалар макроскопиялық параметрлер деп аталады, және оларға қ ысым көлем температура және масса жатады.

Макроскопиялык параметрлердің біреуі тұрақгы , қалған екеуі бір- біріне байланысты өзгеретін процестер изопроцестер деп аталады.

3) Изобаралы қ процесс үшін газ ж ұ мысының формуласын қорытып шығару. А=р D V

Жұмыстың геомстриялық түсініктемесі.

ТД-ның 1-заңы жылу құбылыстары үшін энергиянын сақталу және айналу заңы. Q= D U+A ТД-ның 1-заңынан шығатын салдарлар:

Егер дене энергия (жылу) алмаса, онда ол механикалық жұмысты тек өзінің і шкі энергиясын азайту есебінен жүргізеді, яғни Q= 0 болса, А=- D U

Ал, егер дененің немесе денелер жүйесіні ң ішкі энергиясы өзгермесе ДІІ =0 болса, ешқандай механикалық жұмыс атқарылмайды, А=0. Сол себепті ешқандай энергия ж ұ мсамай жұмыс істейтін құрылғы, яғни мэңгі қозғалтқыш жасау мүмкін емес.

Жылу алмасусыз жүретін процесті адиабаталы қ деп атайды. Атмосфераның жоғары, тығыз емес қабаттарында жылдам көтерілген ауа қабаттарының сал қ ындап, бұлттарға айналуы адиабаталық процестерге жатады. Айнымалы жұлдыздар (цефеидтер) жарқылының периодты өзгеруі олардың сыртқы кабықтарындағы адиабаталық ұлғаюы мен сығылуы процестеріне байланысты.

VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

§19,20 сұрақтарын талдау.

VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

Есептер шығарту

VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: § 19,20.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь