Мақсаты : У дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтулы және жазылуын меңгерту.Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.Белсенділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі : Плакат
Әдісі : сұрақ-жауап, талдау
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. сабаққа даярлық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 71 – жаттығу
ІІІ. Білімдерін тексеру. Улану, ушықты, сөйлеу, күлу , аққу,
ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ: 72- жаттығу қоржындағы сөздерді салыстыру, айырмашылығын табу. 73- жаттығу.Тоқуменен, шоқуменен , оқуменен сөздерінің қандай ерекшелігі бар? Авторы кім? Жатқа айт.
ҮІ. Білімін тексеру: өздік жұмыс. (74- жаттығу.) Сөздерге У әрпін қосып жазып, сөйлем құрастыру, талдау.
ҮІІ. Бекіту. У дыбысы қай кезеде дауысты болады?Мысалдар келтіру. Ереже айту.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 75- жаттығу.Бағалау.