№ 16. Тақырыбы. Су еріткіш. Суда еритін және суда ерімейтін заттар.

0
1403
информатика

Мақсаты: Оқушыларға судың еріткіш екенін түсіндіру. Суда еритін және ерімейтін заттар бар екенін түсіндіру.Дүниетанымын кеңейту.Суды қорғауға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер

Түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі : сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тарсырмасын тексеру. Су. Судың қасиеті. Тізбектей оқу.

ІІІ. Білімді тексеру: Су қандай зат? Судың түсі қандай Су қай жерлерде кездеседі? Суды үй шаруасында қалай пайдаланасың? Қайнаған су неге азаяды?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Суда еритін және ерімейтін заттар.

Ү. Жаңа сабақ: Су еріткіш. Тәжірибе жасау. Суда еритін заттар, Суда ерімейтін заттар., Суда ерімейтін заттар талдап, түсіндіру.Үстіне жүк көтерген екі есек бірінде тұз, екіншісінде-мақта судан өтті. Бірінші есек судан шыққанда тез жүріп кетті. Екіншісі қабырғасы қайысып әрең шықты. Оларға не болды.? Дәптермен жұмыс Суда еритін заттар, Суда ерімейтін заттар. Оқулықпен жұмыс: Іштей оқу Тізбектей оқу.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру. Судың ең басты қасиеті не? Суда еритін заттарды ата?

Суда ерімейтін заттарды ата? Судың мөлдірлігін қалай дәлелдейміз?

ҮІІ. Бекіту. Жеке оқушымен жұмыс Үлестірмелерге жауап алу.

ҮІІІ.Үйге тапсырма 1. тақырыпты түсініп оқу 43-44 бет 2. бағалау.