№ 12. Тақырыбы: Бидай мен қаңбақ /мысал / А.Тоқмағанбетов

0
2101
физика

Мақсаты: Бидай мен қаңбақ мысалын оқи отырып, Бидайдың қаңбаққа қойған өзіне өзінің берген бағасы туралы түсінік беру. Өлеңді мәнерлеп, рөлге бөліп оқи білуге баулу.

Адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі : Оқулық, үлестірмелер

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 1. «Байлық», «жұмыстың жылуы»тақырыптарын оқыту. 2. Сұрақтарға жауап алу.3.Мазмұнын сұрау.

ІІІ,Өткенді пысықтау. Денсаулықты не үшін байлық дейміз ?Жұмыс қалай жылу береді ?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Бидай мен қаңбақ

Ү. Жаңа сабақ. а/ Бидай мен қаңбақ мысалын оқып, мазмұнын ашу.ә/ мысалды оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу

ҮІ. Білімдерін тексеру. а/ сұрақтарға жауап алу.1.Қаңбақ Бидайға не деп тіл қатты?

2.Қаңбақ бидайдан қандай жауап алды?3.Уф десе ұшасың, суф десе қонасың дегенді қалай түсінесің?4.Дұрысын айтқан Бидай ма, Қаңбақ па? Оны өздерің салмақта…

ә/ тапсырмаларды орындау.1.мәтіннен Бидайдың Қаңбаққа айтқан сөзін тауып оқу.2.Бидайдың өзіне өзінің берген бағасы туралы көзқарасыңды білдір.

б/ Сергіту сәті.в/ жаңылтпаштарды оқып, жаңылмай айту .г/ Жұмбақты шешу.Шеңбер жасап өседі, Желмен бірге көшеді. /қанбақ/

ҮІІ Қорыту. Бүгін не өттік?Мысалда не туралы айтқан.

ҮІІІ Үйден: 1.мысалды мәнерлеп оқу. 2.бағалау.