№ 110. Тақырыбы: Қоңыр қозы. /Т.Жұртбаев/

0
769

Мақсаты: Тақырыпты оқып, түсіндіру. 1. Оқушыларға Мұхтар Әуезовтың балалық шағынан мәлімет бере отырып, оқы дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйрету. 2. Сөздік қорларын, тіл байлығын дамыту. 3. Білімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі : суреттер

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Бала Тұрар.Оқу, мазмұнын сұрау

ІІІ. Өткенді пысықтау: үлестірмелер арқылы қорыту.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ: а/ Мұхтар Әуезов туралы қысқаша мәлімет беру. Абай жолы романын арқылы ұлы Абайды әлемге танытқан кемеңгер жазушы М.Әуезов. ә/ әңгімені қысқаша баяндау. /Мұхтарды қариялар еркелетіп Қоңыр қозы атаған. Оның мінезі салмақты, әрбір көрініске назар аударатын,зеректігімен ерекшеленеді ә/ Оқулықпен жұмыс,іштей оқу, тізбектей оқу

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Бала Мұхтаржды атасы неліктен Қоңыр қозы атады?Атасы Мұхтарды қайда апармақшы болды? Ол назарын не нәрсеге аударды? Мәтіннен Мұхтар аулы суреттелген жерлерді тауып оқу. Абай ауылының көрінісі суреттелген жолдарды тауып оқы.Дәптермен жұмыс.

ҮІІ. Бекіту: Әңгіме кім туралы? Олар қайда келді? Бала Мұхтар қандай екен?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Оқу, мазмұны. Бағалау