№ 110. Тақырыбы: Бақылау диктанты. Терек.

0
1183
интернет

Мақсаты: Диктант жаздыра отырып оқушы білімін тексеру.Сауатты , көркем жазуға баулу.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі : Диктанттар жинағы

Түрі: бағалау

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. сабаққа даярлық

ІІ. Мақсат қою кезеңі. Диктант. Терек.

ІІІ. Білімдерін тексеру. Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?Сөйлем неден басталады?Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады?Диктант мәтінін оқып жаздыру.

Терек

Терек – тал тұқымдасының бір туысы. Қазақстан жерінде ақ терек, көк терек, қара терек сияқты он сегіз түрі өсіріледі.

Оның биіктігі елу метрге дейін жетеді. Теректі көше бойына, аулаға, су қоймаларының жағалауына отырғызады. Олар елді мекенді көгалдандыруға, егіс алқабын қорғауға пайдаланылады. (40 сөз)

Тапсырма:

  1. Сан есімдердің астын сыз.

  2. Мекенді сөзін түбірі мен қосымшасын ажырат.

ІҮ. Сабақты аяқтау. Бағалау.