№11 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ағашты тесу. Құралдар. Ағашты тазалау.

0
820

Мақсаты. Ағашты көркемдеп өңдеудің ерекшеліктерімен таныстыру. Материалдарды дұрыс таңдай білуге үйрету, құрал-саймандардың қызметімен таныстыру. Ұлттық қолданбалы қолөнер технологиясын меңгертіп, оқушылардың шеберліктерін шыңдау.

Тәрбиелік мақсаты. Оқушыларды ұлттық қолөнерді қадірлеуді, ұлттық салт-дәстүрді сақтап, қастерлеуге тәрбиелеу. Олардың бойындағы эстетикалық сезімдерін, талғамдарын дамыту.

Дамытушылық мақсаты. Ойлау, салыстыра білу, танымдық қабілеттерін дамыту. Көз алдына елестете білу, кеңістіктік ойлауын дамыту

Ара ағаш кесу үшін қолданылатын құрал.

Аталғы екі қолмен ұстап, ағаштың қабығын аршитын қисық пышақ.

Байтесе шаңырақ ағашын беттеп шауып, белгілі қалыпқа келтіретін құрал.

Балта өткір жүзді, ағаш шабатын сабы бар құрал.

Жоңғы ағаш жонатын құрал.

Қобы ағаштың бетін оюлап, өрнек салуға арналған аспап.

Қолағаш.қазық, қада қағуға арналған құрал, тоқпақ.

Қуысқұлақ ағшты үңгіп шабу үшін,екі шетін ішіне қарай иілдіре жасайтын шот.

Мор үйшілердің ағашты қыздырып, ию үшін қойдың қиын тұтатып, бықсытып жаққан оты бар шұңқыр жер.

Пышқы араның ағаш кесетін кішірек түрі.

Сарнақ киіз үй сүйегіне (уық, кереге) сыздық салатын, әр жерінде тісі бар құрал.

Сүргі ағашты өңдеу, тегістеу үшін қолданылатын құрал.

Сықауырын езге салған ағашты қатты қысып, басып тұрып, түзейтін не бүгетін ағаш құрал.

Тез киіз үй сүйегін: уық, кереге т.б. жасалатын ағаштарды морланғаннан кейін, түзейтін не бүгетін ағаш құрал.

Ұңғуыр ағашты ұңғып, белгілі қалыпқа келтіретін құрал.

Үскі ағшты тесетін іші қуыс біз.

Шапашот имек ағашқа сапталған, ағаш шабатын құрал