Мақсаты: Жаттығулар орындай отырып, сын есімдерді зат есімдермен тіркестіріп айта және жаза білуге үйрету. Тілін, сөздік қорларын дамыту.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі : оқулық, үлестірмелер бойынша
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік.
Түрі : қайталау.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа әзірлік
ІІ. Мақсат қою кезеңі: тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
ІІІ. Білімдерін тексеру: а) Көркем жазу Аа Аа Аа аю . ә/ -жаттығу. Жаңа кітап, жаңа көйлек, жаңа үй, қалың дәптер, қалың киім, қалың кітап,ұзын жіп, ұзын шаш, ұзын темір. 473-жаттығу жұмбақты шеш, сын есімді тап. Өзбетінше жұмыс істеу: 474-жаттығу. Сергіту сәті. 475-жаттығу топтастыр:
Үлгі: Түс Дәм Көлем Пішін
Қоңыр қышқыл үлкен домалақ
… … … …
ІҮ. Қорыту. Сын есім деген не?Үлестірмелерге жауап алу. 476-жаттығу салыстыр, дәлелде.
Ү. Үйге тапсырма: 477-жаттығу,бағалау.