№103. Атан түйе шөккен жер

0
1571
window

Мақсаты: 1 Райымбек батыр туралы мағлұмат беру, мәтіннің мазмұнын түсіндіру2. оқушылардың оқу дағдыларын жетілдіру.3. Ержүректікке, батырлыққа баулу

Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.

Түр і: аралас

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Әбілмансұр оқу, мазмұндау

ІІІ. Мақсат қою кезеңі

ІҮ.Жан-жақты білімін тексеру. Сөзжұмбақты тақтаға іліп, оқушыларға шештіріп, өздеріне жаздырту. Жаудан елді қорған тағы бір батыр туралы білгің келеді ме? Сөзжұмбақтың ортасында тұрған сол батырдың есімін оқы. Абай атаның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі бойынша

Ү. Жаңа сабақ: 1. Райымбек батыр туралы «Атан түйе шөккен жер» мәтінің дұрыс, түсініп оқып беру. Оқушыларға тізбектей оқыту 2. Сергіту сәтін өткізу 3. Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмысын жүргізу, дәптерлеріне жаздыру Атан түйе – 4 жастан асқан түйе. Қоныстанады – орналасады. Мінәжат ету – құрметтеп, бас ию. 4. Берілген суретке зер сал. – Суретке қандай ат қоя аласың? Суретпен жұмыс .Суреттегі оқиға қай кезде болған деп ойлайсың?

Ерекше ерлік көрсеткен найзалы батырды кім деп айтар едің? Оған қарсы шапқан жау жағының күші қандай деп ойлайсың? Оны неден аңғардың? Шайқас немен аяқталады деп есептейсің?

ҮІ. Қорыту. Сұрақтарға жауап алу. Осы суретпен берілген мәтін арасында қандай байланыс бар? Мәтіннен Райымбек батырдың сөзін тауып оқы. Халық Райымбек батырды неге құрметтейді?

ҮІІ. Үйге тапсырма Мәтінді оқып, мазмұнын ату. Батырлық, ерлік туралы 3-4 мақал-мәтел тап.Бағалау