№102. Тақырыбы: Әбілмансұр. М.Әуезов.

0
644
информатика

Мақсаты: «Өнегелі өмір» тарауы жайлы түсінік бере отырып, М.Әуезовтың«Әбілмансұр» мәтінін оқып, мазмұнын ашу. Абылай өмірі туралы түсінік беру. Мәнерлеп оқи білуге, өз ойларын қорытып айтуға баулу. Ержүректікке, батылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Абылайхан, қазақ билерінің суреті.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік.

Сабақ түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Өнегелі өмір тарауы жайлы түсінік беру.

«Елдің атын ер шығарады» дегендей әр халықты басқа жұрт ер жүрек батырларынан, ұлы адамдарынан таниды. Мысалы: Абай атамыз арқылы басқа елдер қазақ жұртын біледі. Ендеше елі үшін еңбек етіп, елінің атын шығарған ұлы адамдар туралы оқып, танысайық.

ІІІ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. а/ М.Әуезов – /1897-1961/ жайлы түсінік беру. ә/ Әбілмансұр мәтінін оқып, түсіндіру. Абылай хан қазақ халқының әйгілі ханы. Төле бидің тәрбиесінде болған. Әбілмансұр – Сабалақ – Абылай. б/ Дәптермен жұмыс. Абылай, Төле би, Сабалақ, қанжығалы Бөгенбай, Әбілмансұр.

ІҮ. Білімдерін тексеру. Мәтінді оқу , іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу. а/Сұрақтарға жауап алу. Абылай бала кезінде нелдіктен Сабалақ атанған? Төле би оның ел билейтінін қайдан білді? Елін қорғағысы келген Сабалақты Төле би қалай аттандырды?

Сергіту сәті. б/ Тапсырмаларды орындау. Мәтінді мына ретте әңгімеле. Бала Сабалақ. Сабалақтың соғысқа аттануы. Батыр Абылай. Абылай кімдерден бата алған.

Мәтіннен Сабалақтың Төле биге өтініш жасаған жерін тауып оқу.

ҮІІ .Қорыту. Абылай хан кім?Патриоттық тәрбие беру.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Оқу, мазмұны. Бағалау.