№100. Мазмұндама

0
1798

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушщыларға дайын мәтін бойынша мазмұндама жаздыру

2. Білімін, есте сақтау қабілетін дамыту. 3. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: бекіту сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсат қою, тақырыбын хабарлау

ІІІ .Мазмұндама «Қуаныш» 1. Мәтінді оқып талдау.

Қуаныш

Көктем шығысымен Анар есігінің алдына гүл егіп, ағаш отырғызды. Күнде су құйып тұрды. Бір күні ол әкесімен бірге ауылға кетті. Таңертең гүлге, ағашқа су құю керек екендігі есіне түсті. Анасына тапсырмағанына өкінді. Өзі барғанша гүлдер солып қалатын шығар деп уайымдаумен болды. Ұзақ жата алмай 4-5 күннен соң өз үйіне қайтып оралды.

Келсе гүлі де, көшеттері де аман екен. Жайқалып өсіп қалыпты. Сөйтсе, анасы су құйып, күтімге алып жүріпті. Оны көрген Анар қатты қуанды.

2. Тірек сөздер.Солып қалатын уайымдаумен болды. Көшеттері.3. Жоспар құру

ІҮ. Үйге тапсырма беру кезеңі : Қайталау