№ 10. Тақырыбы: Диктант Алматы көлі

0
1145

Мақсаты: Диктант жаздыра отырып оқушы білімін тексеру. Сауатты , көркем жазуға баулу.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі : Диктанттар жинағы

Әдісі:

Түрі: бағалау

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық

ІІ. Мақсат қою кезеңі. Диктант. Алматы көлі

ІІІ. Білімдерін тексеру. Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Сөйлем неден басталады? Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады?Диктант мәтінін оқып жаздыру.

Алматы көлі.

Алатаудың сұлу жерлері көп. Оның ішінде Алматы көлінің орны ерекше. Бұл көл тәуліктің әр мезгілінде түрліше құлпырады. Таңертең жап-жасыл болып кетеді. Сондықтан халық оны «Жасыл көл» деп те атайды.

Диктантты аяқтаған соң, асықпай бір рет оқып шығып, тексертемін.

Тапсырма орындау. 1. « Жасыл көл» сөзіне дыбыстық талдаужаса.

2. У әрпінің астын сыз.

ІҮ. Сабақты аяқтау: Бағалау.