ҚҰқықтық сауаттылық-заман талабы

0
1810
информатика

Ембі қалалық жанындағы интернатпен №7 орта мектебінде 2014 жылдың 6-16 қазан аралығында өткізілген

«Құқықтық сауаттылық-заман талабы» атты онкүндіктің

Анықтамасы

Қазіргі таңда кәмелетке толмағандар арасындағы тәлім-тәрбиеге және олардың тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына жете көңіл бөлінуде. Соған орай, Мұғалжар ауданы білім бөлімінің 22.09.2014 жылғы қатынас хаты негізінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында 5-11 кластар аралығында «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты тақырыпта онкүндік өткізілді. Аталған іс-шараға 5-11 класс оқушылары мен класс жетекшілер белсене араласты. Шара мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, жасөспірімдердің қылмыстылығының қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру. Конституцияны т. б. құқықтық нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау. Бекітілген жоспарға сай аталған іс-шараға 5-11 класс оқушылары мен класс жетекшілер белсене араласты.Атап айтатын болсақ , 5 «а» класс жетекшісі Тлекенова Гүлмариямның ұйымдастыруымен «Құқық-әділет пен парасат жолы» атты сынып сағаты өтті.Сынып сағтында Ата Заңымыз, ондағы адамның құқықтары мен бостандығы туралы,Қазақстан азаматтарының міндеттері туралы айтылып өтті. Сынып оқушылары екі топқа бөлініп, сабақ жарыс түрінде өтті. Жас ерекшеліктеріне қарамастан оқушылар берілген сұрақтарға ұтымды жауап қайтарып,мақал-мәтел кезеңінен де сүрінбей өтті. 5 «б» сыныбының ұйымдастыруымен «Сен өз құқығыңды білесің бе?» атты кездесу сабағы өтті.Сабақтың мақсаты қылмыстық құқық негіздеріне қазіргі заман адамына қажеттіліктер туралы болды. Сынып жетекшісі Сайымбетов Мақсұттың құқық туралы түсіндірмелерінен кейін сөз кезегі полиция майоры М.Зейнолұлына берілді.Оқушылардың қойған сұрақтарына жауап алынды.Сабақ соңында оқушылар бар түсінгендерін «Соңғы сөзді мен айтайын…» әдісі бойынша білдірді. 6 «а,б» сынып жетекшілері Нұрсейтова Г мен Умарова Ақмаралдың ұйымдастырумен «Заң және Заман » атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге полиция қызметкері Адилбаева Арайлым Нұржанқызы мен ата-аналар қатысты. Дөңгелек үстел күнделікті көрініс, оқушылардың заң жөніндегі хабары т.с.с. бөлімдеріне бөлінген.Кеш барысында оқушылардың қойған көріністері тамашаланып, оқушылар мен ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарына жауап қайтарылды. Сабақ соңында «Жүректен жүрекке» атты әдіспен тілек ағашына тілектерін жазып қалдырды.Оқушылардың құқықтық сауатылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен түрлерімен таныстыру мақсатында 7 «б» сыныбында «Құқық бұзушылық –заман талабы» атты сынып сағаты өткізілді.Сабақ барысында балалардың құқықтары туралы жөнінде айтылып өтті. «Тығырықтан шығар жол қайсы» ситуациялық жағдайды шешу бөлімінде көшеден көріністер көрсетілді.Осы жағдайларға байланысты оқушылардың пікірлері тыңдалды.Сабақ соңында оқушыларға әр түрлі тапсырмалар беріліп, мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, түсінік бере кетті. «Құқықты біз қалай түсінеміз?» деген атаумен 7 «а»класс жетекшісі Жулаева Шатгүлдің өткізуімен өнеге сағаты өткізілді. Оқушылардың бойына заңға деген сүйіспеншілік сезімін, өз құқығын білетін азаматтарды қалыптастыру мақсатында өткізілген бұл өнеге сағаты мағыналы кезеңдерге бөлінді. Мұғалімнің қазақ халқының ежелгі өмірінен бастап баяндаған кіріспе сөзінен кейін.ҚР-ң Конституциясы туралы айтылып өтті. «Негізгі ойды тап» бөлімінде мәтінмен жұмыс жасалды.Оқушылардың құқықтары туралы түсіндіріліп кетекеннен кейін, кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері түсіндіріліп өтті. Сабақ соңында «Қағидалар ойыны» бөлімінде оқушылардан сұрақтарға жауап алынды.8 «а» класс жетекшісі Шаудиров Санибектің өткізуімен «Жасөспірім және құқық» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Жеті модулді кіріктіре отырып, кембридж тәсілімен өткізілген бұл ашық сабақта оқушылар топқа бөлініп, «құқық» сөзінен ассоциация құрды.Ротация әдісі бойынша 3 топқа құқық тақырыбында мәтіндер берілді.Оқушыларды әр кезең бойынша бағалап, «Егер де мен президент болсам…» атты бөлімде оқушылар сабақтан не түйгендері туралы пікір алмасты. Сабақ соңында оқушылар «ашық микрофон» әдісі арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісті. Осы тақырыпта 8 «б» сынып жетекшісі Тоғымбаева Бибигул сынып сағатын өткізді. Сабақ мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, заң ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге үйрету болды.Сабақ барысында «Адам,Қоғам,Құқық» атты баспасөз –конференция ұйымдастырылды.Оқушылар өздеріне берілген міндеттерді тамаша орындай білді.Атап айтатын болсақ , аудандық соттың төрағасы, бас имам, психолог, бас дәрігер, мектеп инспекторының рөлдерін тамаша сомдап, берілген сұрақтарға ұтымды жауап қайтарып, оқушыларымыз өздерінің құқық әлемінен білімдерінің жоғары деңгейде екенін көрсете білді. 9 «а» класс жетекшісі Есбосынова Гүлжиханның өткізуімен «Қылмыспен күрес-көптің ісі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.Мұғалім алғашқы сөзін жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыра өтіп, сабақ кезеңдері туралы оқушыларға түсінік бере кетті. Сабақ қонақтары қатарында заң қызметкері, ата-ана, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар және психолог болды. Құқық бұзушылықтың негізгі себептері отбасындағы ата-ана мен баланың арасындағы тығыз қарым-қатынастың болмауында, жастардың шетел киноларын еліктеуі мен ішімдік ішулері екенін айта отырып, оқушылардың қатысуымен көрініс қойылды.Көрініс барысында жасөспірімдердің ұрлық жасауы және сол ісіне жауапқа тартылуы жөніндегі сот отырысынан үзінді көрсетілді. Айыпталушыға тағайындалған үкім оқушылардың ойлануына да үлкен әсерін тигізді.Сабақ соңында кеш қонақтарына сөз беріліп,атақты педагог В . Сухомлинскийдің «Жанұя мен мектеп тәрбиесі біріккенде ғана толық тәрбие болады» деген өсиет сөзімен аяқтады. 9 «б» сыныбында «Заң және біз» тақырыбында сынып сағаты өтті.Сынып жетекшісі Адилова Роза бұл сынып сағатын жарыс түрінде өткізді. Оқушылардың құқықттық білімін тексере отырып , заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптің тиімділігін мақсат ете отырып өткзілген бұл сынып сағатында оқушыларға сұрақтар қойылып, жоспарға сай берілген тапсырмалар орындалды.Сабақ соңында әр топ «Менің құқығым» атты айдармен өз құқықтарын қорғады. Сабақ әсерлі өтті.Ал, 10 «а» класс жетекшісі Кенжеболатова Назеркенің ұйымдастыруымен мағыналы кездесу кеші өткізілді.Кездесу қонақтары: жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор Адилбаева Арайлым мен директордың тәрбие ісі жөннідегі орынбасарова Ж.І.Бакишева.Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек, жастарды қылмысқа итермелейтін не нәрсе? деген сұрақтарға оқушылардың көмегімен жүргізілген қарапайым халықтан сауалнаманы тамашалай отырып, осы сұрақтар төңірегінде оқушылар өзара пікір алмасты. Оқушылар әр түрлі жағдаяттарды шеше отырып, кеш соңында көкейде жүрген сауалдарын қонақтарға қою арқылы өз сұрақтарына жауап алып тарқасты. 10 «б» класында Әділше Жанзираның ұйымдастыруымен «Құқық және заң бұзушылық» атты сыныптан тыс ашық сабақ өтті.Сабақ барысында оқушылар тақырып аясында сұрақтарға жауап іздеп, топтық жұмыстарды орындады.Сабақ соңында класс жетекші құқықтық тәрбиенің ең алдымен отбасынан басталатындығын, аталған қылмысқа жол бермейік , құқықтық сауатымызды шыңдайтүсейік деп сөзін аяқтады. 11 «а,б» класс жетекшлері Кабылбаева Ктабия мен Асабаева Нұриланың ұйымдастырумен « Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.Сынып сағатының мақсаты:оқушылардың қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға,құқықтарды құрметтеу.Сабақтың «Сенің құқығың» атты бөлімінде оқушыларға баптар оқылып, олардың әрқайсысына түсінік беріліп кетті. Аталған бұл іс-шараларға сынып жетекшілермен қатар мектебіміздің психологы Салмаева Сая мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бакишева Жанаргүл де ат салысты. «Жасөспірім және құқықбұзушылық» атты заң қызметкерлерімен кездесу кешін ұйымдастырды. Аталған іс-шараға ата-аналар мен 8-11 класс оқушылары қатыстырылды. Қылмыс жәненқұқық бұзушылық туралы видеороликтер көрсетіліп, тренингтер ұйымдастырылды. «Заңсыз мекен» аралына сапар шеккен оқушылар ата-аналармен бірігіп, топтық жұмыстар атқарып, өз көкейлерінде жүрген сауалдарын заң қызметкерлеріне қойды. Өткізілген кездесуден ата-аналар да ,оқушылар да үлкен әсер алып қайтты.

Класс жетекшілер әдіс бірлестігінің жетекшісі:А.А.Ильясова