Волейбол жоғарыдан екі қолмен допты беру және тасу

0
935
метод печати

6 сынып.

Дене тәрбиесі.

Сабақтың тақырыбы: Волейбол жоғарыдан екі қолмен допты беру және тасу.

Оқытушылық мақсаты: Қозғалыс әрекеттерін құрастыру.

Дамытушылық мақсаты: ойлау белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке, тапқырлыққа баулу.

Өткізілетін орны: Спорт зал

Керекті құрал – жабдықтар: волейбол доптары, ысқырық, секундомер.

Байланыс пәні: валеология

Бөлімі

Сабақтың мазмұны

Уақыт өлшемі

Әдістеме нұсқаулар

I . Дайындық бөлімі

Ұйымдастыру кезеңі

А) Сапқа тұру;

Ә) Рапорт беру;

Б) Оқушылармен сәлемдесу

Сабақтың міндеттерімен таныстыру.

Жай жүгіріспен жүгіру

Оң жақ бүйірмен тіркеме адымдай жүгіру

Сол жақ бүйірмен тіркеме адымдай жүгіру

Артпен жүгіру

Спорттық жүгіріспен жүгіру

Жүгіріп келе жатып арнайы жаттығулар жасау

5 минут

8 минут

Қол кеудеде

Қол бүйірде

Арақашықтық сақтау

II. Негізгі бөлім

1.Ойыншыларды шеңбер жасап тұрғызып, олардың ортасында мұғалім ойыншыларға допты жоғарыдан беріп тұрады.

Бұдан кейін өзінің орнына неғұрлым жақсы даярлығы бар ойыншыны қояды да ол ойыншыларға допты қағып беріп тұрады.

2.Ойыншылар екі- екіден бөлініп біріне – бірі қарама – қарсы тұрып допты жоғарыдан қағып беріседі.

3.Оқушыларды екі топқа бөліп, тор арқылы доп беріп, қай топ допты жақсы берді анықтау.

27 минут

Допты әріптеcке дұрыс беруіне көңіл бөлу

Допты неғұрлым жоғары беру

Екі топқа да есептеушілерді бекіту.

III. Қорытынды бөлім

Сапқа тұрғызу; оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Допты жоғарыдан екі қолмен беру.

5 минут

Кеткен кемшіліктерді ескертіп , оқушылардың ойынға деген ықыласын арттыру.

Өткізген: Аргимбеков Ермұқан Зілқараұлының- Тасты–Талды орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Ақмола облысы,

Жарқайын ауданы

Тасты-талды ауылы

физическая культура