Тіл – дәм сезу мүшесі

0
1158
информатика

Дүниетану

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Тіл – дәм сезу мүшесі

Сабақтың жалпы мақсаты

Дәм сезу мүшесінің қызметі туралы түсінік беру. Тілдің құрлысымен таныстыру.
Тілдің дәм сезу мүшесі екенін түсіну. Оның гигиеналық талаптарын сақтау.

Әдіс-тәсілдер

түсіндіру, әңгіме,

сұрақ-жауап,

Көрнекіліктер

суреттер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныптаынтымақтастықатмосферасынқалыптастыру

Би «Қаражорға»

Топқабөлу

Оқушыларды тіл тақырыбында суреттер салғызу арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Мынау – көз.
– Көз не үшін керек? -…
– Көз – көру мүшесі. Адам затты көзбен көріп заттың түрін – түсін, көлемін, пішінін, неден жасалғанын ажырата алады. Мысалы, Раушан гүлін алайық. 1) Көз арқылы нені анықтай аласың? Мысал келтір. (Түрін, түсін, көлемін, неден жасалғанын).
2) « Көз – адамның айнасы» деп неге айтады

Қызығушылықты ояту

Мен сендерге « сезім мүшелері» туралы жұмбақ жасырғым келіп тұр. Кәне, шешіп көрейік.
Көреді бәрін өзгенің,
Көре алмайды өздерін. (Көз)
Екі шырақтың ортасында бір өзім. (Мұрын).
Күмбір – күмбір қарағым,
Қартайғанша жарадың. (Құлақ).
Денесі жұмсақ сүйрік. (Тіл).
Бунақты көсеу,
Тармағы бесеу. (Қол мен саусақ)

Жаңа материалмен жұмыс.

Үстелдің үстінде жемістер және кәмпит жатады. Оқушылар өздерінің ұнатқан заттарын алады. Сол ұнатқан заттары бойынша топқа бөлінеді.
Ойланып, жауап бер.
Үй тапсырмасын тексеру.
1. Мұрын қандай мүше?
2. Қандай мұрын ауруларын білесің?
3. Иіс сезу мүшесін не нашарлатады?
4. Мұрнымызды қалай күтеміз?
5. Мұрын қуысы бітеліп қалған жағдайда ол адамды дені сау деуге бола ма?
Шаблондар арқылы бағалау
1. Білу. Ой қозғау.
Қолдарына алған заттардың дәмін татқызу.
Ащы, тұщы, тәтті екенін айтады. Олардың дәмін қалай білдіңдер? Тіл арқылы.
Электронды оқулықпен жұмыс. Оқулықтан тілдің құрылысы туралы мағлұмат беріледі.
2. Түсіну. Оқулықпен жұмыс.
Оқулықта берілген мәтінді оқу. Сұрақтар мен тапсырмаларға жауап алу
3. Қолдану
Сергіту минутын өткізу

Ой толғаныс

Сарамандық жұмыс. Жұптық жұмыс.
Аузымызды жауып отырып, сөйлесе аламыз ба? Ыммен түсіндіре аламыз ба? Қорытынды жаса.
Тілмен тағы не істейміз?
Сөйлесеміз.
Тіл – қатынас құралы.
Біз қай тілде сөйлесеміз?
Біз қазақ тілінде сөйлесеміз.

Жинақтау. Топтық жұмыс
Әр топқа жемістер, көкөніс, кәмпит беріледі.
Сол заттарды сипаттап жазу керек. Яғни пішінін, көлемін, түрін, түсін, дәмін т. с. с

Үйге тапсырма беру.

Тіл жайында мақал – мәтелдер жазып келу .

Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.

Кері байланыс

Сабақ туралы пікірлерін смайликтерге жазып қалдырады