Сабақтың тақырыбы: Абай. Жазғытұры.

0
800

25 сабақ

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмірі, оның шығармалары туралы білімдерін кеңейту. «Жазғытұры» өлеңінің мазмұнымен идеясын ашу

2. Оқушылардың сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру.

3. Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елінің табиғатын сүйе білуге баулу, оған қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дамытушылық білім беру

Сабақтың көрнекілігі: Абай суреті, сюжетті суреттер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.

1. Психологиялық дайындық

Қайырлы күн, балалар!

Күн жарқырап тұр, қараңдар,

Бәріміз бірге қуанайық,

Бәріміз бірге дос болайық!- деп сабағымызды бастаймыз.

2. «Сиқырлы сұрақ» әдісі:

Күлім қағып күн шығып,

Күн нұрымен бүр шығып,

Ел еңбекке құлшынып,

Қыза түскен тіршілік.

Айтыңдаршы, балалар,

Бұл қай кезде болады?

3. Ой қозғау: Бастады той – думанын жазық дала

Күркіреп жатыр тулап сай мен сала.

Малшылар өрісінен қозы терсе,

Мәз боп жүр соны тасып бір топ бала.

Сурет бойынша жұмыс.

Сергіту сәті. Есту зейінін дамытуға арналған жаттығу «Не шырылдап жатыр?»

– Зейін қойып тыңдаңдар да, не шырылдағанын айтыңдар?

4. Мағынаны ашу: Жаңа сабақ Абай. Жазғытұры. Топтастыру: Абай Құнанбаев туралы не білесіз?

Абай

Ұлы ақын

Ойшыл

Сазгер

Тәрбиеші

Аудармашы

Ағартушы

Шешен

Абай Құнанбаев 1845жылы 10 тамызда Семей өңірі, Шыңғыстау баурайы, Қасқабұлақ бойында дүниеге келген. Әжесі Зере немересін Абай, яғни «сүйкімді» деп еркелеткен. Осыдан кейін ел арасында шын аты аталмай, Абай атанып кетеді.

Абайдың азан шақырып қойған аты – Ибраһим.

5. Оқулықпен жұмыс: «Жазғытұры» өлеңін мәнерлеп оқу.

Сөздік жұмыс: Масатыдай – жұмсақ кілемдей

Анталаса – қимыл қозғалыс

Елжірер – мейірленер, жылылықпен қарайды

6. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту. Талдау. Сұрақтарға жауап беру.

Қорытынды: Не үйрендік? Не білдік?

«Абай күн секілді Қазақстан аспанында елмен бірге өмір сүре береді» (Тұман Молдағалиев)

Бағалау. Мадақтау..Үй жұмысы: Өлеңді жаттап келу, көктем мезгіліне қатысты қазақ халқының ырымдарын біліп келу.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь