Сабақтың тақырыбы: § 25. Ортағасырлық Қазақстан қалалары

0
427

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Орта ғасырда өмір сүрген Қазақстан қалалары, олардың саяси-әкімшілік қызметі, қала құрылысының ерекшеліктері туралы білім беру.

Дамытушылық: Салыстыра отырып, қала мәдениеті туралы түсініктің қалыптасуы, көшпелілік және отырықшылық арасындағы айырмашылықтарын таба білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Мәдениет туралы түсініктерін қалыптастыру, эстетикалык тәрбие беру.

Сабақтың түрі: лекция

Әдісі: баяндау

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік:

1. Ортағасырлық Қазақстан картасы.

2. ҚР картасы.

3. «Қала бөліктерінің кызметі» кестесі.

4. «Кім тез табады?» кестесі.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Әнұран орындау,

«Хабар» ел жаңалықтарынан…

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен сабақтан «Қазақ елінің ежелгі ғалымдары» тақырыпшасы бойынша өтілген материалды еске түсіру үшін, оқушылармен «Кім тез табады?» кестесін ойын түрінде еткіземін. Ол үшін төмендегі кестедегі әр ғалымның аты жазылған бағанға қарама-қарсы бөлігін бос қалдырады, оқушыларға осы кестедегі сұрақтардың жауабын қағаз қиындыларына жазып, араластырып үлестіріп беремін, оқушылар оның дұрыс жауабын тақтадағы кестенің әр ғалымның қарама-қарсы бос бөлшегіне апарып жабыстыруы керек.

Ғалымдар

Өмір сүрген жылы

Туған жері

Еңбегінің аты

Не туралы айтылған?

Жүсіп Баласағұн

Махмұт Қашкари

Ахмет Йасауи

Өбу Райхан Бируни

Бұдан кейін 2-3 оқушыдан «Әл-Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы» тақырыбының ауызша мазмұнын сұраймын. Қалған оқушылардан «Отырар кітапханасы» бойынша оқушылардың өздері қосымша жазып алып әкелген деректері тыңдалады. Үй тапсырмасын Отырар қаласындағы осындай әлемдегі ірі кітапханалардың болғандығы, сол замандағы қала мәдениетінің дамығандығының көрсеткіші деп, бүгінгі «Ортағасырлық Қазақстан қалалары» деген тақырыппен байланыстырып жіберемін.

Жаңа тақырыптың жоспары:

1. Қалалардың пайда болуы.

2. Қала бөліктері мен олардың қызметі.

3. Қазақстан қалаларының орналасу картасы.

Археологиялык зерттеулер VІ-Х ғасырларда Қазақстан аумағында қала мәдениеті жаксы дамып, өркендегенін көрсетеді. Орта ғасырларда Түркістан, Талас, Шу еңірлерінде қолөнер мен сауда жөне мәдениеттің шоғырланған орталықтары – қалалар қалыптасты. Бұл қалалар ертеде шағын елді мекен ретінде салынып, бірте-бірте қаланың көлемі мен халқының саны көбейіп, ірі орталықтарға айналған. Қазақстан аумағында алғашқы қалалар бұдан екі жарым мың жыл бұрын салынған екен деп қала деген сөзге анықтама береді. Ортағасырлық қалалар негізі үш бөліктен тұрған. Олар орда (қитадель), шахристан, рабат деп аталды. Төмендегі кестені пайдаланып, олардың қызметін түсіндіремін.

ҚАЛА

Орда (қитадель) – патша сарайы мен әкімшілік баскару органдары орналасқан орталық бөлігі.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь