23 -ші сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Қосу амалындағы сандардың атаулары.
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: қосу және азайту амалдарындағы компоненттердің атауларымен таныстыру, сөздік қорларында термин сөздерді қолдана білуге үйрету.
2.Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: аралас
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу,
Сабақтың көрнекіліктері: Қуыршақтар, үшбұрыш.
Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Психологиялық дайындық /әр түрлі әуен келтіре/
Күй тартамыз күмбірлі,
Ән айтамыз көңілді.
Би билейміз ырғақты,
Біз бастаймыз сабақты.
ІІІ.Тірек білімдерін жетілдіру.
Ауызша есептеуге геометриалық материалдарды қайталауға арналған тапсырмаларды енгізуге, «Не өзгерді?», «Қандай фигура артық?» ойындарын,
«Жасырылған фигураны тап» ойын жаттығуын енгізуге болады.
Жаңа материалмен таныстыру.
№1 тапсырма оқушыларды математикалық терминдермен таныстыру. Оқушылардан қосу және азайту амалдарының компоненттерінің атауларын жаттауды талап етпей, оқулықтағы және көрнекіліктердегі жазуларға сүйене отырып, бұл терминдерді оқушылардың дұрыс қолдануына жетелеу.
Сергіту сәті
Отырайық жүрелеп
Гүлді үзіп алайық.
Орнымыздан түрегеліп,
Басқа гүлге барайық.
№2 тапсырманы орындау кезінде мұғалім дәптердегі және тақтаға ілінген кестеге сүйене отырып, өрнектерді әртүрлі оқуды ұсынады.
Қосу |
Азайту |
Бірінші қосылғыш 2, екінші қосылғыш 1, өрнектің мәні 3. |
Азайғыш 3, азайтқыш 1, айырманың мәні 2. |
2 -ні 1-ге арттыру. |
3-ті 1-ге кеміту. |
2 +1 |
3 -1 |
2 және 3 сандарының қосындысын тап. |
3 және 1 сандарының айырмасын тап. |
2-ге 1-ді қосу. |
3-тен 1-ді алу. |
№3 -40 бет есеп шығаруға дайындық жұмыс жүргізу.
№4 тапсырманы алдымен оқушылармен талдап алу керек. Қызыл орамал үстіңгі бетінде болу үшін боялмаған шаршының ішіндегі кіші шаршы ғана боялады. Ал көк орамал бетінде болу үшін боялмаған үлкен шаршы тұтас боялады.
VIIІ. Сабақты қорытындылау.
ІХ. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.