Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларды Оңтүстік жарты шар материгінің ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.
2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, ізденіс
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Карта, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту
Оңтүстік жарты шар материктері деп аталатын Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия және Антарктика ұзақ уақыт бойы ежелгі Гондвана материгінің құрамында болған. Литосфералық плиталардың қозғалысы нәтижесінде Гондвана Оңтүстік Америка, Африка-Арабия, Үндістан, Аустралия-Антарктика плиталарына ажырады. Сонымен қатар плиталардың ажырау аймағында қазіргі Атлант және Үнді мұхиттарының табаны ашылды. Кейінірек Африка-Арабия және Үндістан плиталары Еуразияға, ал Оңтүстік Америка Панама мойнағы арқылы Солтүстік Америкаға жалғасты. Аустралия мен Антарктида арасындағы құрлықтық байланыс үзілді. Нәтижесінде Оңтүстік жарты шар материктерінің қазіргі пішіні қалыптасты.
Аустралияның Жер шарындағы ең құрғақ материк аталу себебі неде?
Аустралия табиғатының қандай белгілері Африкаға ұқсас болып келеді?
Эйр көлі Африканың қандай көліне ұқсас болып келеді, оның себебін түсіндіріңдер.
Аустралияның табиғатына, халқына және шаруашылығына қатысты «…ең, ең…» деп атауға болатын ерекшеліктерді атаңдар.
Тынық мұхит табанындағы ірі су асты жотасы қалай аталады?
Тынық мұхиттағы ең үлкен жанарнтаулық аралдар тобын атаңдар.
Тынық мұхиттың қандай бөлігінде маржан аралдары көптеп таралған, неліктен?
Д.ж-нің саяси картасы бойынша Тынық мұхит жағалауында орналасқан ірі елдерді анықтаңдар. Олардың шаруашылық әрекетіне мұхиттың қандай ықпалы бар?
Тарихи -географиялық ерекшеліктеріне қарай мұхит аралдары қалай бөліненді?
Антарктиканың басқа материктерден кеш ашылуы неліктен деп ойлайсыңдар?
Антарктика сулары неге Оңтүстік мұхит деп аталады?
Антарктиканың мұз астындағы жер бедері қандай?
Антарктика климатына тән қандай ерекшеліктерді атай аласыңдар?
Антарктикалық шұрат дегеніміз не?
Қорытынды: Қорытындылай келе, Қазіргі кезде Оңтүстік Америка материгінің солтүстігі мен Африка жерінің жартысынан астамы солтүстік жарты шарда орналасқан. Соған қарамастан олар геоглогиялық даму тарихы мен табиғат жағдайларының ортақ белгілеріне сәйкес оңтүстік жарты шар материктері тобына кіреді. Сондықтан материктердің географиялық орнындағы қазіргі айырмашылықтарға қарамастан табиғат жағдайлары ұқсас болып келеді.
Үйге тапсырма: Оңтүстік жарты шар материктерін қайталау. Реферат жазып келу.