География 8 класс на казахском

ХVІ-ХІХ ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Білімділік. Оқушылардың Қазақстан аумағының физикалық географиялық тұрғыдан зерттелуінің басты мақсаты, оған еңбек сіңірген ғалымдар, зерттелудің қазақ елінің дамуына ықпалы туралы мағлұматтарын кеңейту.

Дамытушылық. ХVІ-ХІХ ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеулерді карта бойынша сипаттау, қорытынды жасау.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: физикалық картасы

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

(3 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

(10+1-2 мин)

1) Орта ғасырларда қазақ жерінің зерттелуіне қай халық өкілдері көп үлесін қосқан? 2) Әбу Наср әл-Фарабидің негізгі еңбектері; 3) Махмуд Қашқаридің негізгі еңбектері; 4) Қазақ жерінің зерттелуіне үлес қосқан қандай қытай саяхатшыларын бар? 5) Қазақ жерінің зерттелуіне үлес қосқан қандай еуропалық саяхатшылар мен елшілер бар?

«Қазақстанның зерттелу тарихы» кестесін тексеру

Оқушылар сұрақтарға жауап береді:

1.

2

3.Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі

16-19 ғғ. аралығында Қазақстан аумағында болған тарихи оқиғаларды еске түсіру. Осы оқиғаларға орай қазақ жерінің зерттелуіне үлес қосқан зерттеушілермен таныстыру.

4. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі.

1) Қадырғали Қосынұлы мен С.Ремезовтың еңбегі; 2) 18ғ. І Петрдің зерттеулерге тигізген ықпалы; 3) 18 ғ. әскери экспедициялар; 4) Семенов Тянь-Шанскийдің, Н.А.Северцовтың, И.В. Мушкетовтың, А.Н. Красновтың, Л.С. Бергтың зерттеу жұмыстары мен маршруттарын қарастырып, талдау.

5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

Кескін картаға зерттеушілердің жүрген жолдарын түсіру.

6. Сабақты қорытындылау кезеңі

1. 16-19 ғғ. аралығында Қазақстан аумағын қандай зерттеушілер зерттеген? Олардың басты еңбектері қандай? П.П. Семеновқа Тянь-Шанский атауы не үшін берілген.

7. Бағалау кезеңі

Сабаққа белсенді қатысып отырған және қорытынды жасай алған оқушыларға жоғары баға қойылады.

8. Үйге тапсырма беру кезеңі

7 параграфтың сұрақтарына жауап беру. «Қазақстанның зерттелу тарихы» кестесіне ХVІ-ХІХ ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу деректерді енгізу

 

Ещё уроки серии

Все 34 урока
  1. Рудалы және рудасыз пайдалы қазбалар
  2. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады?
  3. Шөлейт және шөл зоналары
  4. Қазақстан аумағында атмосфералық жауын-шашынның таралуы Климаттың адам өмірі мен шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері.
  5. Қазақстан аумағының географиялық зерттелу тарихы. Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар. Ұлы Жібек жолы
  6. Қазақстан жазықтары, үстірттері және қыраттары
  7. Қазақстан жер бедерінің негізгі сипаты. Павлодар облысы жер бедерінің басты ерекшеліктері
  8. Қазақстан жері туралы орта ғасырдағы географиялық деректер. ХVІ-ХІХ ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу
  9. Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы. Қазақстан аумағының геологиялық құрылысы.
  10. Қазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар. Күн радиациясы

География в 8 классе

Все предметы 8 класса