Биология 7 сынып. Сабақ тақырыбы: Буынаяқтылар типі. Өзен шаянының құрылысы

0
912

Сабақ міндеттері:
Білімділік: Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың талдау , ойлау, синтез , салыстыру, қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Дұрыс білім бере отырып тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: Электрондық оқулықтан үзінді,кестелер.
Сабақ барысы:
І .Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу,даярлығын қадағалау
Сабаққа назарын аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Дене қуысы Асқорыту жүйесі Артқы ішек Аналь тесігі Тынысалу жүйесі Қантарату жүйесі Сорғыштар Пайда болған жаңа жүйе туралы қысқаша баяндама
1. Жүзімдік ұлу
2. Айқұлақ
3. Кальмар
ІІ. Жаңа тақырып:
Шаянтәрізділер класының өкілдері: өзеншаяны, таңқышаян, асшаян, циклоп, омар, құршаян.
Тыныс алу мүшесі-желбезек. Қанайналым жүйесі- ашық жүйелі. Зәр шығару жүйесі жасыл бездер қатысады. Олар бас бөлігінде орналасқан.
Сезім мүшелері: күрделі көздер-көру, мұртшалар-иіс сезу және сипап сезу, қызметін атқарады. Тепе –теңдік сақтау мүшесі бар. Басым бөлігі дара жынысты.
Маңызы: Қорек тізбегінде маңызды рөл атқарады. Ірілері құрттарды , ұлуларды, балықты, өсімдіктерді қоек етеді. Ал ұсақтарын (дафния, циклоп) балықтар жем етеді. Араларында балықтардың паразиттері бар, циклоптар адам құрттарының аралық иесі болып отыр.
Жаңа тақырыпты бекіту:
1. Буынаяқтыларға қандай жәндіктер жатады?
2. Өрмекшітәріздестердің асқорыту жүйесі қалай жүреді?
3. Шаянтәріздестерге сипаттама бер?
4. Буынаяқтылардың ерекшеліктері?
5. Шаяндардың тыныс алу мүшесі?
6. Буынаяқтылар қалай көбейеді?
Үйге тапсырма: Буынаяқтылар типі.