Қазақ тілі 6 сынып. Сабақтың тақырыбы: Саяхаттан келгенде . Болжалдық сан есім

0
921

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тақырып туралы мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.

Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Грамматикалық тақырыпты түсіндіру

Сұрақтары: қанша? Неше?

1.-дай,-дей, -тай,-тей, -лап,- леп, -дап,- деп, – тап,- теп, -лаған,-леген,-даған,-деген,

Мыс: жүздей, ондаған, мыңдап

2.шамалы, шақты, (аату септік) жуық, жақын (барыс септік)

Мыс: жүз шамалы, онға жуық

2.Төмендегі сөйлемдерден сан есімдерді тауып, олардың жасалу жолын анықтау.

Концертке екі жүздей адам жиналды. Ауылға дейін жүз елуге жуық километр. Сабақ тың аяқталуына бес минуттай қалды. Қалада үш жүз мыңға жақын тұрғын тұрады. Оның үйіндегі кітапханасында екі жүхдей кітап бар. Мәжіліс залында алпыс- жетпістей адам жиналыпты. Ұшаққа жүз шақты адам кірді.

3. Лексикалық тақырып бойынша диалог құрап жазу

IV. Жаңа сабақты бекіту.

Төмендегі мәтіннен сан есідерді теріп жазу:

Біреу есік қақты. Үйге екі досым келді: біреуі- Қанат, екіншісі- Мұрат. Сіңлім біреумен бірге кітапханаға кетіпті. Сенің үйіңе біреу келді ме? Менің бір ұлым бар. Екеуі де ұзын бойлы. Барлық жетеуі дүкенге кетті. Мұғалім төртеуіне рұқсат берді. Екіншісі – менің әжем.

V. Сабақты қорыту: пысықтау сұрақтарын қою:

-Сан есім дегеніміз не?

-Сан есімдер қалай топтарға бөлінеді?

– Есептік сан есімдерге мысал келтіріңдер.

-Реттік сан есім қалай жасалады?

– Жинақтық сан есімнің жұрнақтарын ата.

VІ. Сергіту сәті. Жұмбақтар шешу.

VІI. Үй тапсырмасын беру: ережені жаттау, «алтау, жетеу» сөздерін септеу

VIІI. Бағалау

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь