Қазақ тілі 6 класс на казахском

Қазақ тілі 6 сынып. Сабақтың тақырыбы: Алматыға барғанда. Жинақтық сан есім

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тақырып туралы мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.

Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Грамматикалық тақырыпты түсіндіру

2.Төмендегі жинақтық сан есідерге көптік жалғауларын жалғап жазыңдар.

3. Топқа бөлу: біреу, екеу, үшеу сөздерін септеу

4. «Алматыға барғанда» тақырыбына мәтін құрап жазу

IV. Жаңа сабақты бекіту.

Төмендегі мәтіннен сан есідерді теріп жазу:

Біреу есік қақты. Үйге екі досым келді: біреуі- Қанат, екіншісі- Мұрат. Сіңлім біреумен бірге кітапханаға кетіпті. Сенің үйіңе біреу келді ме? Менің бір ұлым бар. Екеуі де ұзын бойлы. Барлық жетеуі дүкенге кетті. Мұғалім төртеуіне рұқсат берді. Екіншісі – менің әжем.

V. Сабақты қорыту: пысықтау сұрақтарын қою:

-Сан есім дегеніміз не?

-Сан есімдер қалай топтарға бөлінеді?

– Есептік сан есімдерге мысал келтіріңдер.

-Реттік сан есім қалай жасалады?

– Жинақтық сан есімнің жұрнақтарын ата.

VI. Үй тапсырмасын беру: ережені жаттау, «алтау, жетеу» сөздерін септеу

VII. Бағалау

 

Ещё уроки серии

Все 8 уроков
  1. Қазақ тілі 6 сынып. Сабақтың тақырыбы: Саяхаттан келгенде . Болжалдық сан есім
  2. Қазақ тілі 6 сынып. Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңі
  3. Қазақ тілі 6 сынып. Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті кейіпкерім (н/с) Үстеу. Мезгіл үстеу
  4. Қазақ тілі 6 сынып. Сақтың тақырыбы: Мен оқушымын. Мекен үстеуі
  5. Қазақ тілі 6 сынып. Сабақтың тақырыбы: Мектепке немен барасың? (б/ж) №5
  6. Қазақ тілі 6. Сабақтың тақырыбы: Диктант «Көктем»
  7. Қожа жағымды кейіпкер

Қазақ тілі в 6 классе

Все предметы 6 класса