География 8 класс на казахском

Қайталау сабағы

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Білімділік. Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымдары, жазықтары, үстірттері, қыраттары, аласа таулы өлкелері және биік таулары тақырыптарын қайталау. Білімдерін бекіту.

Дамытушылық. Әртүрлі тақырыптық карталармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды дамыту. Карта бойынша тауларға сипаттама беру дағдыларын қалыптастыруды одан әрі жалғастыру.

Тәрбиелік. Отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиетін арттыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: қайталау сабағы

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тектоникалық және геологиялық карталар.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2. Тақырыпты бекіту кезеңі

Өткен тақырыптарды бекіту үшін келесі тапсырмаларды береді:

1. Геохронологиялық кестені айтып беру.

2. Қазақстанның геологиялық даму тарихын физикалық карта бойынша толық сипаттау.

3. Қазақстанның физикалық картасынан тектоникалық құрылымдарды көрсетіп, сипаттау.

4. Қазақстанның физикалық картасы бойынша геологиялық құрылысын сипаттау.

5. Қазақстанның физикалық картасы бойынша Қазақстанның пайдалы қазбалары мен олардың кен орындарын көрсету.

Осы тапсырмаларды оқушылар өздігінен орындап, тақтаға шығып, картаның көмегімен жұмыс істейді.

3. Сабақты қорытындылау

1. Қазақстанның жер бедері қандай күштердің әсерінен қалыптасқан?

2. Жер бедерінің ерекшелігі неде?

4. Бағалау кезеңі

Сабақ барысында тапсырмаларды орындауда картамен жұмыс істеу деңгейіне қарай бағаланады.

 

Ещё уроки серии

Все 34 урока
  1. Қазақстан жер бедерінің негізгі сипаты. Павлодар облысы жер бедерінің басты ерекшеліктері
  2. Қазақстан жері туралы орта ғасырдағы географиялық деректер. ХVІ-ХІХ ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу
  3. Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы. Қазақстан аумағының геологиялық құрылысы.
  4. Қазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар. Күн радиациясы
  5. Қазақстанның пайдалы қазбалары. Жанатын пайдалы қазбалар.
  6. Қазақстанның табиғат зоналары. Орманды дала және дала зоналары
  7. Қазақстанның топырақ жамылғысы.
  8. Қазақстанның ішкі сулары. Қазақстанның өзендері Алаптар бойынша ірі өзендерге сипаттама
  9. Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі
  10. Қазақтың ғұлама ға-лымы Ш.Ш.Уалиханов. Қазақстан аумағының жаңа дәуірде зерттелуі. Павлодар облысының зерттелу тарихынан

География в 8 классе

Все предметы 8 класса