Оңтүстік –Батыс Азия елдері

0
1066
схемы

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларға жаңа сабақты мазмұндау, зерттелу ерекшеліктерін, қасиеттерін, даму ерекшеліктерін ғылыми деректерді пайдалана отырып тереңдете меңгерту.

2.Дамытушылық: Білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарастарын, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып және саралап, деңгейлеп оқыту арқылы жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

3. Тәрбиелік: Ғылыми деректерге сүйене отырып, халықаралық тәрбие үлгілерін қолдану, ұлтаралық сыйластықпен, өз ұлтын сүюге, құрылған ұйымшылдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі.

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Карта, оқулық, кескін карталар, каточкалар, суреттер, қосымша жабдықтар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, түгендеу, зейіндерін тұрақтандыру.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оңтүстік –Батыс Азия – Еуропа, Азия, Африка дүние бөліктерінің тоғысқан жерінде орналасқан ерекше аймақ. Оңтүстік –Батыс Азия елдері Кіші Азия, Арабия түбектері мен Иран таулы қыратын алып жатыр. Құрамына Түркия, Кипр, Иран, Ирак; Ауғанстан; Сирия, Израиль, Ливан, Палестина, Иордания, Сауд Арабиясы, БАӘ, Йемен, Оман, Катар, Бахреин, Кувейт кіретін бұл аймақты «Таяу Шығыс» деп те атайды. Географиялық орнына сәйкес ТМД құрамындағы Кавказ елдері де Оңтүстік –Батыс Азияға жатады.

Оңтүстік –Батыс Азияның Жерорта теңізі мен Үнді мұхиты аралығындағы орнына сәйкес, табиғат жағдайы алуан түрлілігімен сипатталады.

Жер бедерінде кең-байтақ Алдыңғы Азия, Армян, Иран таулы қыраттары мен оларды көмкеріп жатқан қатпарлы биік таулар басым.

Тау лы қыраттардың ішкі бөліктері құрғақ климат жағдайында өте күшті физикалық үгілуге ұшырайды. Сондықтан тау аралық аңғарлар қиыршық тастар мен үгінділерге толған. Альпі-Гималай геосинклиналдық белдеуінің құрамына кіретін бұл аймақта тау жасалу әлі жүріп жатқандықтан, күшті жер сілкінулер байқалады. 1999 жылы Түркияда дүркін-дүркін қайталанып, күшті 7 баллға жеткен жер сілкінулер кезінде мыңдаған адамдар қаза болып, қалалар қирады. Күшті жер сілкінулер 2000 жылы да қайталанды.

Жер шарының теңіз деңгеінен ең төмен жатқан бөлігі-Өлі теңіз(-403м) орналасқан. Өлі теңіздің суы аса тұзды болғандықтан, оның суы мен жағалауында тіршілік белгісі жоқ. Суының емдік қасиеттеріне байланысты Өлі теңіз дүниежүзілік маңызы бар емдеу-сауықтыру орталығы болып табылады.

Таулар Парсы шығанағына қарай саты түрінде аласарып, қатты майысқан Месопотамия ойпатына ұласады. Бұл ойпаттың атауы «Екі өзен аралығы» деген мағына береді, ойпат арқылы Тигр және Евфрат өзендері ағып өтеді.

Мұнай-газ Каспий теңізінің жағалауы мен қайраңынан және Солтүстік Кавказ аймағынан да өндіріледі.

Оңтүстік –Батыс Азияда ең ежелгі егіншілік өркениеті қалыптасып, ірі керуен жолдары өткен. Бұл аймақта д.ж-гі ең алғашқы қалалар мен мәдениет орталықтары п.б-н. Оңтүстік –Батыс Азия – қазіргі әлемдік ислам, христиан, иудаизм діндерінің есігі. Сондықтан да аймақ халқының ұлттық құрамы өте күрделі. Араб елдері мен Иран, Иракта мұнай өндіру және өңдеумен байланысты өндіріс салалары жақсы дамыған. Бұл елдерде сырттан уақытша жұмыс істеуге келген адамдардың үлесі жылдан-жылға артуда. Парсы шығанағы жағалауындағы мұнай сатудан көп пайда табатын елдерде халықтың әл-ауқаты өте жоғары.

орытындылай келе, бүгінгі сабақта оқушыларға Оңтүстік-Батыс Азия елдері атты тақырыбымда білімге деген құшарлықтарын арттыруға, ғылыми деректерді пайдалана отырып тереңдете меңгертуге тырыстым. Сондай-ақ, бүгінгі сабақты бекіту үшін кестені пайдаланып, алған білімдерін тексердім.

Үйге тапсырма: §26 оқу. Кескін картаға Оңтүстік-Батыс Азия елдерін түсіріп келу.