Мақсаты : Білімділігі : Оқушыларға тақырыптың мазмұнын түсіндіру,негізгі идеяны ашу. Оқиғаның мазмұнын айтуға төселдіру.Топта жұмыс істей білу, өзбетінше жұмыс істей білу дағдыларын шыңдау.
Дамытушылық : Балалардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз ойын еркін айтып, дәлелді сөйлеп,дисскусия жүргізе білуге үйрету.
Тәрбиелік :Ұстаздың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс –тәсілдері : Сұрақ –жауап, әңгімелеу, тест,аквариум, ассоциация, дөңгелек үстел.
Түрі : интегративтік сабақ
Формасы : жалпы оқушылармен, топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс : Ана тілі, музыка.
Техникалық құрал: теледидар, ямаха, бейнетаспа, слайд.
Көрнекілігі : Слайтдан тірек схема, топшамалар.
Сабақтың барысы : І . Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындау.
Мұғалім: «Сәттілік тілеймін»
ІІ . Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берілген «Алғашқы қоңырау» тақырыбы бойынша сабақ сұралады. (Ямахадан «Сыңғырла қоңырау» атты өлеңнің музыкасы естіліп тұрады.)
ІІІ . Өткенді пысықтау.
І топ Тест алынады.
1. Қазақстанда «Қызыл кітап» қай жылы шыққан?
А) 1957 жылы ә) 1997 жылы б) 1998 жылы
2. Омыртқа жотасы неше омыртқадан тұрады?
А) 25-26 Ә) 33-34 б) 29-30
3. Отбасына кімдер жатады?
А) Әке , ана, ұл,қыз
ә) достар,ұстаздар
б) көрші, бөле.
ІІ топ Жұптық жұмыс
Сезім мүшелерін жаз :
Жауабы : көз, құлақ, мұрын, тіл, тері
Табиғаттағы су неше күйде болады?:
Ж: қатты,сұйық, газ
Пайдалы қазбалар дегеніміз не?
Табиғат құбылыстары дегеніміз не?
ІІІ топ Сөзжұмбақ шешу
- Есту мүшесі
- Адам денесінің тірегі
- Жердің өсімдік өсетін беткі ,құнарлы қабаты
І топтың жауабы бойынша ата-аналардың суреті
ІІ топтың жауабы бойынша оқушылардың суреті
ІІІ топтың жауабы бойынша Ұстаздың суреті шығады.
Слайдтан бүгінгі тақырыптың суреті шығады.
ІҮ. Жұмбақ
Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім жаны асыл?
(Ұстаз)