Білімділік: Қазақстан аумағындағы агроклиматтық қорлар туралы көзқарастарын қалыптастыру. «Комфорт зонасы», өсіп-өну кезеңі деген түсініктермен танысып, оларға анықтама беру. Өсіп-өну кезеңі ұзақтығының республика аумағы юойынша айырмашылығын анықтау. Павлодар облысының қай климаттық белдеуде және қандай жарықтың түсу беддеуінде орналасқанын, климатының қалыптасуына қандай факторлар әсер ететінін анықтау. Климатының ерекшелігі туралы көзқарастарын қалыптастыру.
Дамытушылық: Қазақстан аумағында агроклиматтық қорлардың таралуын климат картасы бойынша сипаттау арқылы тақырыптық картамен, кескін картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын дамыту. Ылғалдану коэффициентіне есептер шығару арқылы іскерліктерін арттыру
Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштік қасиетін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, климат картасы, атлас
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі
Тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үй тапсырмасын беру кезеңі
Тақырыпты бекіту кезеңі
Сабақтың барысы:
Кезеңдер |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
1 |
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. |
Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. |
2 |
Дәптерлерінен өткен сабақта аяқтамаған кестелерін тексереді. «Қазақстан аумағында жауын-шашын таралу тақырыбын еске түсіру үшін мынадай сұрақтар мен тапсырамалар береді: 1) Өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдайды анықтаңдар. 2) Қазақстанның қай аймақтары өсімдіктерді өсуіне ең қолайлы деп ойлайсыңдар? 3) Павлодар облысы қандай ендікте, қандай климат белдеуінде жатыр? Оның жер бедері ерекшеліктерін еске түсіреміз. |
Кестелерін тексертіп, сұрақтарға жауап береді: 1) Өсімдіктер өсу үшін оларға жылу, жарық, ылғал қажет. 2) Өсімдіктердің өсуіне Қазақстанның солтүстігі, өйткені мұнда жылу, жарық және ылғал жеткілікті. Ал оңтүстігінде жылу көбірек болғанмен ылғал аз болып келеді. 3) Павлодар облысы 50º с.е. және 54º с.е. аралығында толығымен қоңыржай белдеуінде жатыр. Оның аумағының 70%-ын жазық алып жатыр |
3 |
Тақырыпты меңгеру келесі жоспар бойынша жүргізіледі: 1. Агроклиматтық қорлар. Қазақстанның көп жерінде климат адам денсаулығына тиімді. Қарағайлы ормандарда, өзен мен көл жағаларында, тау аңғарларында климаттық санатоийлер көп. Қазақстан аумағында жылу барлық ауыл шаруашылық дақылдарының пісіп-жетілуіне тікелей байланысты. 2. Павлодар облысының климаты мен климат қалыптастырушы факторлары: 1) облыстың климатын қалыптастыратын факторлар; 2) облыс аумағына түстетін күн жылуының мөлшері; 3) облыс климатына әсер ететін ауа массалары мен басым желдер; 4) атмосфералық жауын-шашын мөлшері. Ең алдымен Павлодар облысының климаты мен климат қалыптасуына әсер ететін факторларға тоқталады. Оны оқушылармен бірге анықтайды. Тақырыпты меңгеру үшін оқулық мәтінін, суреттерін және атластағы климаттық карталарды пайдаланады. |
Оқушылардың оқу іс-әрекеттері: 1. Мыналарды анықтап, жазып алады: Қазақстанның солтүстігінде өсіп-өну кезеңі 130-135 күнге, орталықта 150-160 күнге, оңтүстігінде 180 күнге созылады. Мыналарды біліп есте сақтайды: «Комфорт зонасы» климат элементтерінің үйлесімі адамның көңіл күйіне жайлы зона. Өсімдіктердіің өсіп-өнуі үшін қолайлы температура 10°С-тан жоғары болу керек. Республиканың солтүстігінде жаздық бидай, зығыр, көкөніс және бау-бақша өсіру үшін, орталықта дәнді дақылдар, күнбағыс, қарақұмық, картоп өсіруге, оңтүстігінде күріш, мақта, темекі, жүзім, қант қызылшасын өсіруге қолайлы. 2. Мыналарды анықтап жазып алады: Мынаны еске сақтап қалады: 1) Мыналарды анықтап жазып алады: Мыналарды еске сақтайды: 2) Мыналарды анықтап жазып алады: Мыналарды еске сақтайды: 3) Мыналарды анықтап еске сақтайды: 4) Мыналарды жазып алады: |
4 |
Тақырыпты бекіту үшін келесі тапсырмаларды береді: 1. Алматы, Петропавл, Қызылорда қалаларының жылдық температурасы мен жауын-шашынның өзгеру диаграммаларын салыстыру. Айырма себептерін түсіндіру. 2. Оқулықтың 99 бетіндегі сурет бойынша Қазақстанның бірнеше қалаларындағы ылғалдану коэффициентін анықтау. |
Оқушылрдың тапсырмаларды орындауы: 1. Алматы |
5 |
Қорытынды сұрақтар: 1. Қазақстан аумағында жауын-шашын мөлшері қанша мм аралығында ауытқиды? 2. Ең аз мөлшері қанша және қай жерде, ең көп мөлшері қанша және қай жерде? 3. Қандай атмосфералық құбылыстарды білесіңдер? |
Сұрақтарға жауаптары: 1. Қазақстан аумағында жауын-шашын мөлшері 130- 2. Жауын-шашынның ең аз мөлшері Арал маңында 3. Атмосфералық құбылыстар: қуаңшылық, аңызақ, үсік, көтайғақ, шаңды дауылдар |
6 |
Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады. |
Алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады. Ескертулері немесе келіспеушіліктері болса, мұғалімге айтады. |
7 |
Тақырыпты қайталау. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тпасырмаларды орындау |
Күнделіктеріне үй тапсырамасын жазып алады. |