19.Көбейту және бөлу – өзара кері амалдар

0
1004
биология

Сабақтың тақырыбы: 19.Көбейту және бөлу – өзара кері амалдар

Мақсаты: Көбейту және бөлу – өзара кері амалдар екенін ұғындыру. Есептер шығару. Алған білімін өздігінен пайдалана білу дағдысын дамыту.

Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Білім.1.есептердің шешуін түсіндір:

Үлгі:

18 ойыншық 2 сөреге тең бөліп қойылды. Әрбір сөреге неше ойыншық қойылды?

Шешуі: 18:2 = 9

2 сөренің әрқайсысына 9 ойыншықтан қойылған. Сөрелерде барлығы неше ойыншық қойылған?

Шешуі:9*2=18

3. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

9*2=18 көбейту және 18:2 = 9 бөлу амалдары арасындағы байланысты түсіндір.

Көбейту және бөлу – өзара кері амалдар

4.Түсіну.№4 Көбейтуді пайдаланып, бөліндінің мәнін тап:

6*4 = 24

24:4 =6

5.Қолдану. жұптық жұмыс .№5

286:2, егер 143*2 = 286 болса;

464 :2; егер 232*2 = 464 болса;

399:3, егер 133*3=399 болса;

369:3, егер 123*3=369болса;

5..Жинақтау

№6 Әминаның туған күніне 12 үлкен адам және оларға қарағанда 2 есе кем балалар келді.Әминаға қонаққа барлығы неше адам келді?

Шешуі: 12:2 = 6 12+6 = 18

Жауабы: 18 адам

№ 8 периметрі қабырғалары 6 см-ге және 2 см-ге тең болатын тіктөртбұрыштың периметріне тең болатын шаршы сыз.

Р = (4см+4см) *2 = 16

6.Қорытындылау.

7.Үйге тапсырма : № 7, 10 – 37 бет