Мақсаты. Ағашты көркемдеп өңдеудің ерекшеліктерімен таныстыру. Материалдарды дұрыс таңдай білуге үйрету, құрал-саймандардың қызметімен таныстыру. Ұлттық қолданбалы қолөнер технологиясын меңгертіп, оқушылардың шеберліктерін шыңдау.
Тәрбиелік мақсаты. Оқушыларды ұлттық қолөнерді қадірлеуді, ұлттық салт-дәстүрді сақтап, қастерлеуге тәрбиелеу. Олардың бойындағы эстетикалық сезімдерін, талғамдарын дамыту.
Дамытушылық мақсаты. Ойлау, салыстыра білу, танымдық қабілеттерін дамыту. Көз алдына елестете білу, кеңістіктік ойлауын дамыту.
Сабақ үлгісі. Аралас.
Сабақтың өтілетін жері. Мектеп шеберханасы.
Керекті құрал – жабдықтар. Арнаулы өрнек кесетін пышақтар топтамасы, ара, сүргі, шапқылар, ағаш балға, әртүрлі пішімді егеулер, құмқағаз, қарындаш, сызғыш, ою-өрнектер үлгілері, көшірме қағаздар,т.б.
Пән аралық байланыс. Бейнелеу өнері, сызу, тарих.
Сабақ барысы
• Ұйымдастыру кезеңі
• Үй тапсырмасын тексеру
• Жаңа материалды баяндау, түсіндіру
• Сарамандық тапсырмаларды орындау
• Сабақты қорытындылау
• Үйге тапсырма
Сабақты болашақта ағаштан жасалатын бұйымның қандай мақсатта қолданылатынын және оның пішімі, көлемі қандай әрі оған қандай ою-өрнек түсіруге болатынын анықтап алу керектігінен бастаймын.
Және де бұл жұмысқа шығармашылықпен қарап, кірісулерін ескертемін.
Жасалатын бұйымды анықтап алған соң оның көрнекті кескінін салып, осы сурет бойынша бұйымның технологиялық картасын сызуды және қажетті материалды қалай таңдап алу керек екендігін түсіндіруден бастаймын.
.Жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларын естеріне саламын.
Ағаш ою үшін ағаштың көптеген түрлерін қолданады. Тұрмыста қолданылатын ыдыс – аяқтарды жасау үшін терек, көктерек ағштарын жиі пайдаланады. Өйткені олар жұмсағырақ, кесуге, өңдеуге оңай көнеді.
Ағымдағы нұсқама:
а) жұмыс орынын ұйымдастыру;
ә) еңбек тәсілдерін орындаудың дұрыстығын тексеру;
б) ҚТЕ-сақталуын тексеру;
в) қосымша көмек, бағыт-бағдар беру.
Қорытынды нұсқама:
а) сипатты қателіктер мен сбептерге талдау жасау;
ә) оқушылардың жұмысын бағалау.
Үйге тапсырма.
Дайындамалар әкелу.
Жұмыс орындарын жинау, тазалау
С а р а м а н д ы қ ж ұ м ы с.
Жаңа тақырыпты түсіндіріп болған соң, әр оқушы өздерінің эскиздері бойынша сызылған технологиялық карталарына сәйкес, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып , сарамандық жұмыстарына кіріседі.
Ағашты таңдап алғаннан кейін, керекті шамада өлшеп, арамен кесіп аламыз.
Сонан соң оны қабығынана аршып, кірлерінен тазалап, сүргімен сүргілеп, өңдейміз.
Дайындаманың тең ортасынан осьтік және центрлік
сызықтарын саламыз. Бұл салынатын оюларымыздың дұрыс салынуына әрі дұрыс көшірілуіне мүмкіндік береді.
Сонан соң дайындаманың бетіне алдын ала дайындалған суретті немесе оюды көшірме қағаз арқылы немесе тікелей қолмен саламыз.
Бұдан соң, қашау мен ағаш балғаның көмегімен суреттегідей бұйымның ішін ойып шығамыз.
Сонан соң екі жақ басының пішіндерін араның көмегімен жуықтатып кесеміз. Қалған жерлерін пышақтың көмегімен оюларды дәлдеп оямыз.Оюларды бітіргеннен кейін бұйымды құмқағазбен жақсылап тазартамыз.
Бұдан соң астаушаның ішкі табанына, ішкі және сыртқы бүйірлеріне оюлар салып, оларды күйдіргіш аппаратпен күйдіреміз.
Күйдіріп болған соң, астаушаны түссіз лакпен кептіре отыра, бірнеше қайтара лактаймыз.
Сарамандық жұмыс кезінде оқушылардың техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларын үнемі басты назарда ұстап отырамын және жұмыс барысында еңбек тәсілдерін орындау барысын қадағалап отырамын.