№22 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Металды көркемдеп өңдеу технология

0
759
страны мира

Білімділігі: Түсті металлургия кәсіпорындарының ел экономикасын дамытудағы ролін түсіндіру, экологиялық жағдайымен таныстыру.

Дамытушылығы: Пайдалы қазбаны өндіру және тиімді пайдалану жайында түсінігін дамыту.

Тәрбиелілігі: Қиын да қызықты металлургия саласында елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың жасаған жұмысын үлгі ету.

Көрнекілігі: карта, металл бұйымдар.

Техникалық құрал: Интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: тарих, экономика, химия, әдебиет

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Баяндау, сұрақ-жауап, тірек-сызба, рөлдік ойын

Пайдаланылған әдебиеттер: «География және табиғат» журналы

Сабақтын барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Үйге берілген тапсырманы сұрау.

«Электр энергетикасы»

Үй тапсырмасын тірек-сызба арқылы сұрау

ІІІ. Үйге берілген тапсырманы бекіту

«Сенің көзқарасың» пікірталас

Мұғалімнің сөзі:

– Оқушылар, Шиелі уранын пайдаланып, төретам елді-мекенінде АЭС салу жоспары бар. Оған сенің көзқарасың қандай?

ІҮ. Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбын ашу

Осы металдарды сипаттай отырып, металға байланысты мақал-мәтел, жұмбақ жаңылтпаш айтуларыңа болады. Аталған металдарды қандай өнеркәсіп саласында өндірілетінін сипаттайды.

1717 жылы түсті металлургияның даму кезеңі басталды. Алтайда қорғасын, мыс, мырыш кен орындары табылды. 1730 жылдан 1832 жылға дейінгі бір ғасыр ішінде Алтайдағы ірі кен орындары: Березов, Николаев, Риддер, Зырян, Белоусов, Крюков, Сокол кен орындары ашылды. Қазан революциясынан кейін Қарсақпай мыс қорыту зауыты, Риддер полиметалл комбинаты ашылды.

Түсті металдар бағалы қасиеттерімен ерекшеленеді. Олардың ішінде: қалайы, қорғасын, никель – коррозияға төзімді, титан – ыстыққа төзімді, алюминий, мыс, күміс – электр өткізгіштік қасиетке ие.

Патша өкіметі жер бетіне жақын жатқан күміс, мыс, қорғасынға бай кендерді игере алмайтындықтан жауып тастады.

Қазір Қазақстан мыс қоры бойынша – 9 орын, өндіруден – 10 орын, тазартылған мыс өндіруден – 7 орын, экспорттаудан – 4 орын (30 мемлекетке шығарады)

Ү. Жаңа сабақты бекіту.

Кестені толтыру

Металдың аты

Хим. таңбасы

Қолданылуы

1

Алюминий

2

Мырыш

3

Алтын

4

Қорғасын

5

Мыс

ҮІ. Жаңа сабақты бекіту.

Көрініс «Директорлар кеңесі»

1.Ғалым Қ. Сәтбаев еңбегі арқасында біздің кәсіпорын өнім өндіру процесінде шикізат қоры жеткілікті. Бірақ та оны толық өңдеп, қалдықсыз технология енгізуді бастамаға алдым.

Автор: Бұл қай кәсіпорынның басшысы болып табылады.

2. Мен Өскемендегі комбинатқа басшы бола отырыып, жедел түрде өнім сапасын арттыру жұмыстарын атқарудамын. Ол біздің қазақстан экономикасын көтерудің негізі.

Автор: Бұл қай кәсіпорынның басшысы болып табылады.

3. Мен Павлодардағы зауытымда өнім үлесін арттыруыма шикізат қоры жеткілікті, алайда, эл энергия тапшылығы сезіледі. Сол себепті Екібастұзда ЖЭС салу жоспарымда бар.

Автор: Бұл қай кәсіпорынның басшысы болып табылады.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев металлургия саласында

ҮІІІ. Үй тапсырмасы

10 тақырып. Кескін картамен жұмыс

ІХ. Оқушыларды бағалау


Үйге тапсырма: Ағаш түрін әкелу