№16 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу.

0
1507
алгоритмы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ағашты көркемдеп өңдеу әдістерін меңгерту үшін әр түрлі станоктардың жұмыс атқару операцияларымен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға еңбек және эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ.
Сабақтың оқыту әдісі: Әңгімелесу, сарамандық және өз бетімен жұмыс істеу.
Көрнекілік: пышақ , сызғыш, қалам.
Жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
– Ағашты өркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Мысалы: СТД – 120 м станогымен жұмыс жасауға қатты ағаш түрлері дұрыс. Сондықтан жасалатын бұйым түріне қарай ағаштың механикалық, физикалық жағдайларын білу керек.
Жұмысқа бұтақсыз ағаш түрлерін таңдап, қажетті өлшемін кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді.
Өрнек дегініміз – кез – келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей.
Ал ою дегеніміз – бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары.
Мөлтек ағаштан тұтас шабылатын келі – келсап, аяқ – табақ, саптыаяқ, ожау сияқты бұйымдарды жасау тәсілін жұмырлап ою дейді.
Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады.
– Бұйымның негізін талаптарға сай тазалау.
Бұйымның барлық бөліктеріне өрнекті жоспарлау, үлгісін жасау.
Өрнектерді кесу.
Бұйымдарды бояу, оған әр беру, лактау.
Әдебиет пен өнерде композиция деген түсінік бар. Ол жүйелеу, үйлестіру деген латын сөзі. Өнердің барлық саласында композиция өте күрделі ұғым және шығармашылық арқау.
Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
Жұмысқа дейін
Жұмыс киіміңді киін (фартук, халат)
Жұмысқа қажетті құрал саймандарыңды түгендеп, мұқият тексер (верстактың қысқыш қораптарын, тіреуішін т.б)
Жұмыс орныңды, саймандарыңды ережеге сай орналастыр.
Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын.
Жұмыс кезінде
Дайындаманы верстакқа мықтап бекіт.
Әр амалды өзіне тиісті сайманмен атқар. Саймандарың қайралған, әрі тұтқасы жарылмаған болсын.
Нұсқау карта бойынша әр амалдары (кесу, жону, тесу, біріктіру т. б.) өзіне тиісті құралдарды пайдаланып атқар.
Жұмыс орныңды әрдайым тазалап отыр.
Жұмыс кезінде алаңдама.
Құрал – сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал.
Жұмыстан кейін
Жасап жатқан бұйымыңды, материалдарды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр.
Жұмыс орныңды ретке келтір. Қолмен сыпыруға, ауызбен үрлеуге болмайды.
Өзіңді ретке келтір.
Шеберханадан мұғалімнің рұхсатымен шық.
Ағаш өңдейтін токарь станогімен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
Жұмыс кезіндегі қауіп түрлері:
Жаңқаның ұшуынан көз жарақаты;
Айналу бөліктеріне жанасудан қол жарақаты;
Дұрыс пайдаланбаудан қол жарақаты;
Дайындаманы станокқа дұрыс бекітпеуден немесе дайындаманың сапасыздығынан дене жарақаты болуы мүмкін, сондықтан:
Жұмысқа дейін
Жұмыс киіміңді дұрыс кейін (фартук, халат)
Станогті тексер (қайысты берілістің қорғаныш бөліктері, жермен жалғанысты)
Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын.
Дайындаманы мұқият тексеріп (көз, жарық т.б.) станокқа дұрыс бекіт.
Кескіш тіреуіштің биіктігін дайындаманың центрлік сызығына дәл келіп, ара қашықтығы 2 – 3 мм. болсын.
Жүзін тексер.
Станокті бос айналдырып тексеріп көр.
Көзге көзәйнек ки.
Жұмыс кезінде
Кесу жұмысын станок толық күшімен айналған соң баста.
Пышақты (кескішті) дайындамаға күш түсірмей, аздан тос.
Пышақты (кескіш) тіреуішпен дайындаманың арасын қалыпты жағдайға келтіріп отыр (2 – 3 мм.)
Жарақат алмас үшін:
а) станокқа қатты басты еңкейтпе;
ә) станок үстінен алыс – беріс жасама
б) өлшеу жұмыстарын станок толық тоқтаған соң орында;
в) қолыңмен тоқтатушы болма;
г) жұмыс істеп тұрған станокті тастап кетпе.
Жұмыстан кейін
Жұмыс орныңды ретке келтір.
Станокті тазалап мұғалімге тапсыр.
Өзіңді ретке келтір.