Тақырыбы |
§8.10.8.11.Аммиак.Аммоний тұздары. Лаборатор иялық тәжірибе №16 « Аммоний тұздарының сілтілермен әрекеттесуі » |
уақыты |
Білімділік мақсаты: дамытушылық тәрбиелік: |
аммиак ,аммоний тұздары қасиеттері, қолданылуы,алынуы туралы білімді жетілдіру; аммиактың құрылысының ерекшелігі,донорлы-акцепторлы механизмді,химиялық қасиетімен алынуына байланысты реакция теңдеулерін құрастыра білу ,аммоний тұздарына сапалық реакция ,халық шарушылығында қолданылуы,қорытынды жасау,жүйелеу, сөздік қорын молайту білім-білік дағдыларын дамыту. сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру. |
|
Сабақ типі: |
Аралас сабақ |
|
Сабақ өткізілу түрі: |
Кітаппен өз бетінше жұмыс жасау,мұғалімнің толықтыруы10-ППр-1 жұмыс істеу, 9-Б-7 көрсету, фронталды сұрақтар,кітаппен өз бетінше жұмыс,лабораториялық жұмыс. |
|
Құралдар мен реактивтер: |
Кітап, дәптер, интерактивті тақта ,10-ЕТЖ-1, ХЭПЖ. , 9-Б-7, аммоний хлориді, сілтілер, лакмус қағазы, сынауықтар |
|
Ұйымдастыру кезеңі: |
(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.) -сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ; -оқушыларды психологиялық дайындау. Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету. |
1-2 |
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі : |
Сабақтың білімділік мақсаты: – үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ; – білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ; – кеткен кемшіліктерді жою. 1.Айналымға берілген үй тапсырмасын тексеру:бір-бірін тексеру. |
5-7 |
Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:
|
1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау. Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою. Білімділік міндеттері: -оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру. -оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға; – оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі. 2.Оқыту проблемалары: Аммиак.Аммоний тұздары. Білімді жаңғырту. (Актуализация ): 1.Фронталды әңгімелесу : (нашар үлгерушілермен жұмыс) * азот атомының құрылысы,аммиак молекуласы,жай зат азоттың физикалық қасиеті; *азот пен аммиактың химиялық қасиеті; аммиактың алынуы. *қандай аммоний тұздарын білесіңдер?? |
2-3 |
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі |
Білімділік міндеттері: -оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету; -нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу; – оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету; -түсініктер,заңдар,ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге ,талдауға көмек ету; -оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету. Жаңа сабақты түсіндіру: РДМ – 4 «Аммиак» тақырыбы бойынша оқушылардың өздік жұмысы. Мұғалімнің толықтыруы: Алынуы: Өндірісте аммиакты азот пен сутектің тікелей синтездеп алады Лабораторияда қатты аммоний хлориді NH4CІмен сөндірілген әкті Ca(OH)2 араластырып,қыздырып,аммиак алады 2NH4CІ+Ca(OH)2 =2NH3↑ +CaCІ2 +2H2O Физикалық қасиеттері: Аммиак – түссіз, өткір иісті,ауадан екі еседей жеңіл,тұншықтырғыш газ.Балқу температурасы -77,8ºC,қайнау температурасы -33,4ºC. Аммиак суда өте ерімтал,1 көлем суда 700 көлем ериді.Аммиак суда ерігенде амммиак гидратын NH3•H2O, NН 4 OH түзеді.Аммиактың судағы ерітіндісі аммиак суы немесе мүсәтір спирті деген атпен дәріханада сатылады Химиялық қасиеттері. 1) Аммиактың сумен әрекеттесуі. NH 3 + HOH=== NН 4 OH Амммиак гидраты аммомний гидроксиді Аммиактың судағы ерітіндісі әлсіз негіздік қасиет көрсетеді.Себебі соңғы тепе-теңдік сол жаққа қарай көбірек ығысатындықтан,судағы ерітіндіде гидроксид ионы OH‾ аз болады. Негіздерден аммоний гидроксидінің айырмашылығы – мұнда оң зарядты ион аммоний NH4 түрінде болады. 2) Аммиактың оттекте жануы. 4NH3+3O2 = 2N2 +6H2O (өршіткі қатыспаса) ә) өршіткі (Pt қатысында ) азот(ІІ) оксидіне дейін тотығады: 4NH3 + 5O2 = 4NO + 6H2O Аммиак қышқылдармен әрекеттеседі. NH3 + HCL = NH4CL * Физиологиялық әсері. Аммиактың тұншықтырғыш иісі бар.Ауаға тарағанда адамның дем алуына зиянды әсер етеді.Аммиак тасымалдайтын цистернаның қауіпсіздік шарасы үнемі қадағалануы тиіс. Қолданылуы Аммиактан минералдық тыңайтқыштар,дәрі-дірмектер,қопарылғыш заттар,азот қышқылы және нитраттар өндіріледі,аммоний тұздары алынады.Аммиак төменгі қысымда (0,7-0,8мПa) оңай сұйылады,ол буланғанда көп жылу сіңіретін қасиетіне сәйкес тоңазытқыш қондырғыларда реагент ретінде қолданылады. Аммиактың өндірісте алынуы: 1. Қысым (25-30 МПа); 2.Катализатор ретінде алюминий, калий, кальций, кремний оксидтерін қолданылады.. 3.Төменгі температурада жүреді. аммоний тұздары –аммоний ионы мен қышқыл қалдығы иондарынан тұратын кристалды заттар. Барлық аммоний тұздары суда жақсы ериді.Аммоний тұздарының құрамына азот кіреді.Дұрыс қолданған жағдайда жеміс-жидектер, дәнді дақылдардың өнімін молайтады;көптеген тұздары техникада қопарылғыш заттар есебінде қолданылады; нан –кондитер өнімдерін пісіруде аммоний карбонаты қолданылады.Кез-келген тұзды қолдану үшін оның қасиеттерін білу қажет. Аммоний тұздарының химиялық қасиеттері: (NH4)2СО3+ НСl === 2NН4Сl + СО2 + Н2О Иондық теңдеуін құрыңдар. (NH4)2СО3+ ВаСl2 === 2NН4Сl + ВаСО3 Лабораториялық тәжірибе №2 (2бөлімі) *(NH4)2СО3+ 2 NaOН === 2NН3 + Na2СО3 + 2Н2О –сапалық реакция * NН4Сl=== NH3 + НСl –сапалық реакция: қыздырғанда құрғақ тұздар айырылады да,қайтадан сынауық қабырғаларында жиналады, бұл айдау әдісі бірақ йодты айдаудан айырмашылығы-физикалық құбылыс. (NH4)SO4 ===== NH3 + NH4 HS О 4 (NH4)3PO4 ====3NH3 + H3PO4 А ммони й тұздарын алу : NH 3 + Н2 S О4 ==== ( NH 4) SO 4 2NH3 + Н 2 S О 4 ==== ( NH4)2SO4 NH3 + НС l === N Н 4 С l 3NH3 + H3PO4 === (NH4)3PO4 Лаборатор иялық тәжірибе №16 « Аммоний тұздарының сілтілермен әрекеттесуі » NH 4 Cl + NaOH– NH 3 + H 2 O + NaCl Аммоний тұздарына сапалық реакция,аммиак иісі байқалады. |
13-14 |
Жаңа сабақты қалай қабылдағанын алғашқы тексеру кезеңдері: |
Білімділік мақсаты: – оқылған материалды оқушылардың дұрыс өз мәнінде қабылдағанын анықтау; -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау; – кеткен кемшілікті жою жұмыстары; 10-ЕТЖ-1 .64бет №1,2-нұсқа. №4,1-нұсқа Дәптерге жазу: |
3-5 |
Білімді жүйелеу және қорытындылау |
Білімділік міндеттері: – оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау; -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау; – кеткен кемшілікті жою жұмыстары; 1.Дәптермен жұмыс:анықтамалар,мысалдар Аммиак қандай қасиет көрсетеді? Аммиактың, аммоний тұздарының химиялық қасиетері мен алынуын сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырыңдар (4 оқушы) Аммиакқа реакцияның қандай типтері тән (қосылу,орын басу,тотығу) Аммоний тұздары түзілетін химиялық реакцияларға мысал келтіріңдер. Аммоний тұздарына қай реакция сапалық реакция? Аммоний тұздары қандай химиялық қасиет көрсетеді? |
5-7 |
Бақылау және өз бетінше бақылау: |
Білімділік міндеттері: – оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау; -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау; – кеткен кемшілікті жою жұмыстары Жаттығуларды тексеру |
2-3 |
Үй тапсырмасын беру кезеңдері: |
Білімділік міндеттері: -оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету 1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар. параграф 8.9 – 8.10 –оқу, № 2,4 (210) – бірінші деңгей, 7-9 (210) – екінші деңгей(жазбаша) 2. Күнделікке жазғанын тексеру |
1-2 |
Сабақ қорытындысын шығару: |
– жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою |
1-2 |
Рефлексия кезеңі |
Білімділік міндеттері: -оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру. -оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.Өздерің сабақта не істеп үлгердіңіздер?Сыныптастарыңызға не
|
Домой Планирование Поурочные планы §8.10.8.11.Аммиак.Аммоний тұздары. Лабораториялық тәжірибе №16 «Аммоний тұздарының сілтілермен әрекеттесуі»