№ 7 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Жылу мөлшері. Жылу мөлшерінің бірліктері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы.

0
1172
физика

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: жылу мөлшері ұғымын беру және оның қандай шамаларға тәуелді екенін айқындау;жаңа физикалық шама заттың меншікті жылу сыйымдылығы және оның өлшем бірліктеріи енгізу.

  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі :

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.

ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

Дененің ішкі энергиясы дегеніміз не?

Д е н е ні ң і шкі энергиясын өзгерту ә дістері.

Жылу берілу түрлері.

Жылу берілу кезінде энергияның бір денеден екінші денеге өтуі.

Ішкі энер гиялар ын са л ыс т ыр:

а) т 1 > т2

б ) t1 > t г

В) r 1 > r 2

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:

Сабақтағы негізгі ұғымдар.

Жылу берілу (жьшу өткізгіштік, конвекция жэне сэулслену) кезінде бір денеден екінші денеге энергияның берілуі. Жылу мөлшері-жылу берілу кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы.

Денеге берілетін энергияның қандай шамаларға тэуелді болатынын айқындау (тәжірибелер көрсету) Денеге берілетін жылу мөлшері: дене температурасының өзгеру шамасына, дененің массасына, затгьщ тегіне тәуелді болады.

Салқындаған дененің қоршаған ортаға жылуын беруі.

Жылу мөлшерінің өлшем бірліктері-джоуль (Дж), килоджоуль (кДж). Жылу мөлшерінің тарихи өлшем бірлігі-1 калория (1 кал=4,19Дж =*4,2Дж) 1 ккал =1000 кал = 4190 Дж «4200 Дж т 4,2 кДж. 1кг заттың температурасын 10С-қа өзгерту үшін қажетті жылу мөлшерінің заттың тегіне тәуелділігі.

с- заттың меншікті жылу сыйымдылығы, яғни массасы 1 кг заттың температурасын 1°С-қа өзгерту үшін қажетті жылу мөлшері. Өлшем бірлігі -ДЖ/кг* 0С

Заттың меншікті жылу сыйымдылығының физикалык мәнін ашып көрсету (мысалы, қорғасынның жылу сыйымдылығы 140 ДЖ/кг* 0С Бұл массасы 1кг қорғасынның температурасын 1°С-қа өзгерту үшін 140Дж жылу мөлшері кажет дегенді білдіреді.

Әртүрлі заттардың меншікті жылу сыйымдылықтарын салыстыру (№1 кесте бойынша).

Әртүрлі агрегаттық күйлерде заттың жылу сыйымдылығының мәнінің ә ртүрлі болуы (мысал ретінде, су мен му.з, қатты және сұйық күйдегі алюминий ), мұздың меншікті жылу сыйымдылығы 2100 ДЖ/кг* 0С , ал судың меншікті жылусыйымдылығы 4200 ДЖ/кг* 0С. Судың меншікті жылу сыйымдылығының үлкен болуы жылыту жүйелерінде пайдаланылады; жергілікті жердін климатына әсер етеді.

Денені қыздыруға қажетті немесе ол суығанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу Q=cm(t2 -t1)

Мұндағы t1 -дененің бастапкы, t г -дененің соңғы температурасы.

VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

§9,10 сұра қ тарын талдау.

Қысқаша тест.

1) Ыдыстағы суық суға қыздырыл ғ ан шар салынды. Көрсетілген физикалық шамалардың қайсысы шарды салғаннан кейін артады, қайсысы азаяды
немесе өзгермейді?

I . Шардың массасы 1. Артады

II . Судың массасы 2.Кемиді
Ш.Шардың көлемІ 3. Өзгермейді
І V .Судың көлемі

V .Су молекулаларының қозғалысынын орташа жылдамдығы

VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

5,6-жаттығуларды орындау

VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §9,10; 5,6-жаттығу.