№ 68 сабақ. Тақырып. Ғасырлар қойнауынан

0
774
преподавание

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Ермексазбен «Алтын адам» мүсінін құрастыру арқылы ой өрісін дамыту, құрастыруға дағдыландыру және адамгершілікке баулу

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: ермексаз, қайшы ,қол орамал.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу. Оқу-құралдарын реттеу. Қауіпсіздік ережелерін ескерту.

Жаңа сабақ мақсатын қою: Оқушының ой-өрісін дамыту.

Жаңа сабақ: ( Оқулықпен жұмыс) «Алтын киімді адам»-көне дәуірдегі сақ жәдігері. Алтынмен өшекейленген. Сақ көсемінің киімінде ата-баба көркем еңбегінің ұлылығын көруге болады. Алматыда «Тәуелсіздік монументі»жайлы білетініңді айт.

Пысықтау: Кітаппен жұмыс: суретті зерттеп қарау, мүсіннің бейнесін кескішпен және саусақтың ұшымен жасау. Алтын адам мүсінін жасап көру.

Қорыту: Балалар, біз бүгінгі сабақта не жасадық? Неге үйрендік? Саған ұнады ма? Ізденімпаздық деген не деп ойлайсың?

Сабақты қорытындылау:

Бағалау : Жеке оқушыларға қосымша тапсырма беру, өздігінен әшекейлеу

Үйге тапсырма беру : ермексаз әкелу.